Абаттандыру қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы

Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 сәуірде № 7014 болып тіркелді.

       Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 07.06.2023 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

        "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 07.06.2023 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 07.06.2023 № 27 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  1. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 "Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6011 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада "Костанайские новости" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы

М. Ахметов

      Қостанай облыстық

 

      мәслихатының хатшысы

С. Ещанов

      "КЕЛІСІЛДІ"



Дата публикации
31 июля 2024