Әулиекөл ауданы әкімдігінің
«_18_»__09__ 2018 жылғы
№_195_ қаулысымен
бекітілді
«Тимофеев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
Егер «Тимофеев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігін, конституциялық құрылысын қорғау және нығайту, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
3) мемлекеттік қызмет көрсету сапасының жоғарлауын қамтамасыз ету.
1) Президент жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру;
2) әкімнің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында хабарлауды қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді жариялау;
3) аппарат жұмысын жоспарлайды, кеңестер, семинарлар және басқа да шараларды өткізуді, оларды дайындауын және өткізуді ұйымдастырады;
4) Тимофеев ауылы әкімінің шешімдерінің және өкімдерінің жобаларын дайындайды;
5) азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;
6) әкімнің актілерін тиісті ресімдеуін және таратуын қамтамасыз етеді;
7) Тимофеев ауылы әкімінің аппаратында жоспарға сәйкес іс қағаздарын жүргізуін ұйымдастырады;
8) қызметтік құжаттарды, жеке және заңды тұлғалардың жүгінулерін қарайды, әкімнің жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастырады;
9) мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған шаралар қолданады;
10) жұмыстың стилін, әдісін жақсарту шараларын және жаңа ақпараттық технологияларын енгізу бойынша жұмыс жүргізеді;
11) қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асырады;
12) мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері мен стандарттардың жетерлігін қамтамасыз етеді.
1) өз құзыреті шегінде Тимофеев ауылы әкімінің құзырына енетін мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалар мен басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқалай материалдарды сұратып алуға;
2) тиісті аумақта басқарудың тиімділігін жетілдіру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа ұйымдармен өзара іс-әрекет ету;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ аудан, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
1) мемлекеттік және басқа органдарда ауыл әкімі аппаратының мүддесін ұсынады;
2) аппарат жұмысын ұйымдастырады, басқарады және аппаратқа жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына жеке жауап береді;
3) Тимофеев ауылы әкімінің аппараты туралы ережені, аппараттың құрылымы және штаттық қызметкерлер саны бойынша ұсыныстарды әзірлейді, еңбекақы төлемі қорын үнемдеу шегінде мемлекеттік қызметшілерді материалдық ынталандыруды сыйақы белгілейді;
4) Тимофеев ауылы әкімінің аппаратында ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
5) аппарат қызметшілерінің міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
6) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінен және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларға сәйкес қызметкерлерді тәртіптік жазаға тартады;
7) Тимофеев ауылы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызмет туралы заңның орындалуын бақылайды;
8) өкімдер мен шешімдер шығарады;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кадрлар бойынша жұмысты ұйымдастырады;
10) өз өкілеттігі шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;
11) Тимофеев ауылы әкім аппаратының қызметкерлерін іс-сапарларға жібереді;
12) жеке және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдауды жүзеге асырады;
13) нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың және басқалай құжаттардың жобаларын әзірлеуде топтар ұйымдастырады;
14) аппараттың ақшалай қаржыларына иелік етеді, қаржылық құжаттарға қол қояды;
15) аппарат қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар береді;
16) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар өткізеді, сол үшін жеке жауапты болады;
17) өз өкілеттігі шеңберінде гендерлік саясатты іске асырады;
18) өз өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды;
«Тимофеев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
«Тимофеев ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату