Әулиекөл ауданының "Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің 2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
Мемлекет басшысының мемлекеттік басқару органдарының алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі жоғары сапалы мемлекеттік қызметтерге ашық және барлығына тең қолжетімділік болып табылады.
«Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетеді:
"Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату";
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу";
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру";
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру";
"Жер учаскесін алуға кезекке қою".
Қызмет алу процесін жеңілдету мақсатында мекемеде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда әрбір клиент электрондық қызметті өз бетінше немесе маманның көмегімен ала алады.
2025 жылы 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
"Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату" - 0.
"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу" - 10 мемлекеттік қызмет.
"Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" - 1 мемлекеттік қызмет.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" - 2 көрсетілген мемлекеттік қызмет.
"Жер учаскесін алуға кезекке қою" - 0 көрсетілген мемлекеттік қызмет.
Тиісті бөлімде қамтылған ақпаратты өзектендіру бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік мекемеде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары көрсетілетін қызметті алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендтерде орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсету жағдайларын жасау бойынша шаралар қабылдануда. Мемлекеттік мекеме қажетті компьютерлік және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз етілген.
2025 жылдың қорытындысы бойынша жария талқылау барысында мемлекеттік қызметтер саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.
Халыққа ХҚКО және "электрондық үкімет" порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат Instagram аккаунтында жарияланды.
Жоғары тұрған орган мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылуының 1 фактісі анықталды (өтініш № KZ55RBE00942616, 05.06.2025 жыл).
Өтініш берушілер мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша мемлекеттік органдарға жүгінген кезде құжаттарды қабылдаудан бас тартуды болдырмау мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін құжаттардың толық топтамасын қалыптастыру тәртібін түсіндіреді.
Ауылдық округ әкімі аппаратында көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділік пен қанағаттанушылығын арттыру перспективаларына мыналар жатады:
Сұлукөл ауылдық округінің әкімі К. Шарипов