Әулиекөл ауданы әкімдігінің
«28» қыркүйек 2018 жылғы
№ 196 қаулысымен
бекітілді
«Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
- Жалпы ережелер
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етiлуiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110408, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Москалев ауылы, Наметов көшесі, ғимарат 23А.
- Мемлекеттік органның толық атауы - «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.
- Осы Ереже «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Москалев ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.