Меню

Страницы

Статья

Аманкарагай ауылдық округі, Аудандық "Әулиекөл" газетінде баспасөз бетінен орын беру төлемінің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер

"Әулиекөл" газетінің редакциясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округі, Құсмұрын кенті   әкімдерін  сайлау бойынша тіркелген кандидаттарға алаң беру шарттары, мөлшері және тәртібі туралы хабарлайды.

Баспа алаңы барлық тіркелген кандидаттарға сайлау алдындағы үгіт материалдарының тең шарттарымен беріледі. Кандидаттардың материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемі және шарт жасасу көрсетіле отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет алаңының 1 ш.см. үшін 210 теңге есебінен баспа алаңын беру құнын төлеу жүргізілсін.

Барлық сайлау алдындағы баспа үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тапсырыс берген тұлға туралы ақпарат болуға тиіс.

Кандидаттар баспа материалдарының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай - ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді-бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.

Басқа кандидаттардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда Редакция баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.

Мазмұны "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарының мәтіндері жарияланбайды

Газет редакциясы өтініштерді, мәтіндерді қабылдайды және демалыс күндерінен басқа жұмыс уақытында: Әулиекөл ауданы, Әулиекөл  ауылы, С.Баймағамбетов көшесі, 25  үй, тел. 8(71453 )21116, auliekol_pressa@mail.ru.

Дата публикации
24 августа 2023
Дата обновления
24 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

27 октября 2026
21 октября 2026
Кадастрлық цифрлық сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшеді
21 октября 2026

Социальные медиа

Акимат Аулиекольского района
Аулиекольский район
Әулиекөл ауданының әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы