Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi.
1) республикалық бюджет;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі ҚР 30.11.2017 жылғы № 112-VI заңына сәйкес 67-1 «Азаматтық бюджет» бабымен толықтырылды.
Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 112-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дайындалды.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабы).
Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
ІІ. Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы 2025-2027 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
|
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
желтоқсан |
% |
|
|
2023 ж. |
2024 ж. |
||||
|
1 |
Халық саны, барлығы: |
адам |
276 |
263 |
95,3 |
|
оның ішінде: ерлер |
адам |
134 |
127 |
94,8 |
|
|
әйелдер |
адам |
142 |
136 |
95,8 |
|
|
2 |
Мектепке дейінгі даярлық 0 мен 5 жас аралығы |
адам |
25 |
27 |
108,0 |
|
Мектеп жасындағы балалар 6 мен 14 жас |
адам |
26 |
26 |
100,0 |
|
|
Мектеп жасынан жоғары 15 жастан бастап |
адам |
26 |
18 |
100,0 |
|
2025 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы бюджетінің кірістері 28862,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 1417,0 мың теңге;
- субвенция – 27435,0 мың теңге;
- трансферттер түсімі – 0.
мың теңге
Ауыл бойынша негізгі табыстардың 4 қайнар көзі анықталды:
- мүлік салығы – 34,0 мың теңге;
- Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық – 1053,0 мың теңге;
- көзден салық салынбайтын табыс бойынша жеке табыс салығы- 70,0 мың теңге; - жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем- 191 мың тенге; - біріңғай жер салығы -69,0 мың тенге.
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан трансферттердің жалпы көлемі – 27435,0 мың теңге.
|
Атауы |
Бекітілген бюджет, мың теңге |
||||
|
02 |
|
|
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер |
27435,0 |
|
|
|
|
3 |
|
Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер |
27435,0 |
|
|
|
|
01 |
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
0 |
|
|
|
|
03 |
Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар |
27435,0 |
► 2025 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының бюджетінің шығыстары 28852,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 27435,0 мың теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1417,0 мың теңге;
► 2026 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының бюджетінің шығыстары 29862,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 27093,0 мың теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 2769,0 мың теңге;
► 2027 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының бюджетінің шығыстары 30907,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 28041,0 мың теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 2866,0 мың теңге;
«Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы
әкімінің аппараты» ММ
Байланыс телефоны: 8(714-30)3-05-45