Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.
Бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi.
1) республикалық бюджет;
2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;
3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;
4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі ҚР 30.11.2017 жылғы № 112-VI заңына сәйкес 67-1 «Азаматтық бюджет» бабымен толықтырылды.
Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 112-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 15 «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дайындалды.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабы).
Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
ІІ. Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы 2023-2025 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
|
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
қазан |
% |
|
|
2022 ж. |
2023 ж. |
||||
|
1 |
Халық саны, барлығы: |
адам |
395 |
387 |
98,0 |
|
оның ішінде: ерлер |
адам |
192 |
189 |
98,4 |
|
|
әйелдер |
адам |
203 |
198 |
97,5 |
|
|
2 |
Мектепке дейінгі даярлық 0 мен 5 жас аралығы |
адам |
51 |
51 |
100,0 |
|
Мектеп жасындағы балалар 6 мен 14 жас |
адам |
61 |
63 |
103,3 |
|
|
Мектеп жасынан жоғары 15 жастан бастап |
адам |
14 |
16 |
114,3 |
|
2023 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы бюджетінің кірістері 33890,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- салықтық түсімдер – 570,0 мың теңге;
- субвенция – 24300,0 мың теңге;
- трансферттер- 8759 мың теңге
мың теңге
Ауыл бойынша негізгі табыстардың 3 қайнар көзі анықталды:
- мүлік салығы – 27,0 мың теңге;
- Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық – 543,0 мың теңге;
- жеке табыс салығы – 9,0 мың теңге;
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан трансферттердің жалпы көлемі – 33059,0 мың теңге;
- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем- 252,0 мың теңге.
|
Атауы |
Бекітілген бюджет, мың теңге |
||||
|
02 |
|
|
Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер |
33059,0 |
|
|
|
|
3 |
|
Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер |
24300,0 |
|
|
|
|
01 |
Ағымдағы нысаналы трансферттер |
8759,0 |
|
|
|
|
03 |
Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар |
24300,0 |
► 2023 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының бюджетінің шығыстары 34052,9 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 23755,4 мың теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 10134,6 мың теңге;
► Бюджет тапшылығы (профициті) – - 162,9 мың теңге;
► Бюджет тапшылығын қаржыландыру(профицитін пайдалану) – 16,6 мың теңге
- бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 162,9 мың теңге.
► 2024 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының бюджетінің шығыстары 25792,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 24805,0 мың теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 987,0 мың теңге;
► 2025 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының бюджетінің шығыстары 27239,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
- жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 26218,0 мың теңге;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 1021,0 мың теңге;
«Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы
әкімінің аппараты» ММ
Байланыс телефоны: 8(714-30)3-05-45