Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының 2024–2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

  1. Азаматтық бюджет

 

         Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет жүйесі – бюджеттердiң және Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттiк процестер мен қатынастардың жиынтығы.

         Бюджет қаражаты – мемлекеттiк меншiкке түсуі және жұмсалуы бюджетте ақшалай нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiң ақшасы мен өзге де активтерi.      

  1. Қазақстан Республикасында мынадай деңгейлердегі бюджеттер:

         1) республикалық бюджет;

         2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері;

         3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет;

         4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттері бекітіледі, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады.

 

         Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексі ҚР 30.11.2017 жылғы № 112-VI заңына сәйкес                               67-1 «Азаматтық бюджет» бабымен толықтырылды.

 

         Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасының 2017 жылғы               30 қарашадағы № 112-VІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы                                 9 қаңтардағы № 15 «Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дайындалды.

 

         Республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын, бұқаралық ақпарат құралдарында жұртшылыққа қолжетімді нысанда жарияланатын ақпарат азаматтық бюджет болып табылады (Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-1-бабы).     

        

         Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті жасау мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 ІІ. Арқалық қаласының  Әбдіғаппар хан ауылы  2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті

 

  1. 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы әлеуметтік-экономикалық дамуы:

№

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

желтоқсан

%

2022 ж.

2023 ж.

1

Халық саны, барлығы:

адам

387

276

71,3

оның ішінде: ерлер

адам

189

134

70,9

                      әйелдер

адам

198

142

71,7

2

Мектепке дейінгі даярлық 0 мен 5 жас аралығы

адам

51

27

52,9

Мектеп жасындағы балалар 6 мен 14 жас

адам

63

26

41,3

Мектеп жасынан жоғары 15 жастан бастап

адам

16

18

112,5

  1. Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы бюджетінің кіріс бөлігі

     

  2024 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылы бюджетінің кірістері  24631,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:  

         - салықтық түсімдер – 951,0 мың теңге;

         - субвенция – 23680,0 мың теңге;

         - трансферттер түсімі – 0.

 

мың теңге

   

         Ауыл бойынша негізгі табыстардың 4 қайнар көзі анықталды:

         - мүлік салығы – 32,0 мың теңге;

         - Жеке тұлғалардан көлiк құралдарына салынатын салық – 692,0 мың теңге;

        - көзден салық салынбайтын табыс бойынша жеке табыс салығы- 36 мың теңге;        - жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем- 191 мың тенге.

 

                  Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан трансферттердің жалпы көлемі – 23680,0 мың теңге.

        

Атауы

Бекітілген бюджет, мың теңге

 

02

 

 

Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетін трансферттер

23680,0

 

 

3

 

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен трансферттер

23680,0

 

 

 

01

Ағымдағы нысаналы трансферттер

0

 

 

 

03

Аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар

 

        23680,0

  1. Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан  ауылының  бюджетінің шығыс бөлігі

 

         ► 2024 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының  бюджетінің шығыстары  24631,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде:

         - жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 23870,0 мың теңге;

         - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 761,0 мың теңге;

        

► 2025 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының  бюджетінің шығыстары  25493,0  мың теңгені құрайды, оның ішінде:

         - жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 24714,0 мың теңге;

         - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 779,0 мың теңге;

        

► 2026 жылға арналған Арқалық қаласының Әбдіғаппар хан ауылының  бюджетінің шығыстары  26386,0  мың теңгені құрайды, оның ішінде:

         - жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 25589,0 мың теңге;

         - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 797,0 мың теңге;

 

«Арқалық  қаласының  Әбдіғаппар хан  ауылы

әкімінің аппараты» ММ

 

 

 

 

Байланыс телефоны:   8(714-30)3-05-45

Дата публикации
25 января 2024