«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Школьная көшесі, 15-үйдің қоршауына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу жұмыстары жүргізілгенге дейінгі және кейінгі фотосуреттер.
Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы өткізілуде. Қазіргі уақытта ауыл турғындары өз үйлерінің қоршауларын сырлап, жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ауыл әкімі аппараты ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін және әл-ауқатын арттыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастырады. Біз қойылған барлық міндеттерді шешуге бар күшімізді саламыз.
Ұлыстың ұлы күні – әз Наурызды ауыл тұрғындары да дүркіретіп атап өтті. Мұнда тойшыл қауым үшін ақшаңқай киіз үйлер бұрыштамалары бой көтеріп, жастар, аға буын өкілдері ауылдары орын тепті. Жиылған жұртшылық назарына қазақтың салт-дәстүрінен үзінділер көрсетіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Биыл Ұлыстың ұлы күнін атап өту мейрамы Целинный ауылы тұрғындарын ауылымызға тигізген ерен еңбектері үшін, ауыл әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапаттаумен басталды.
Көтеріңкі көңіл-күймен ауыл тұрғындары ұйымдастырылған әрбір шараға ат салысуда. Наурыз мерекесіне арнап ауыл тұрғындары түрлі тамаша қойылымдар дайындады. Ал ұлттық құндылықтарға қанығамын дегендер үшін бұрыштама киіз үйлер тігілген. Әр шаңыраққа кіріп, қазақ халқының салт-дәстүрлері және әдет-ғұрыптарымен танысуға болады.
Наурыз мерекесі тағы бір мәрте барша жұртшылықтың басын қосты. Тойшыл қауым бір-бірін мейраммен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
2024 жылғы 1 қарашаға 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді
2024 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 76 мың отбасынан 403 мың адамға тағайындалды. Ағымдағы жылы бұл мақсаттарға бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
АӘК-нің негізгі мақсаты-Ақшалай төлемдер түріндегі қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
- табысы Өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;
- 1 жастан 6 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қоса алғанда әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Ағымдағы жылдың 1 қарашасына АӘК алушылар арасынан 4,5 млрд теңге сомасына 126 мың мектепке дейінгі жастағы балаға қосымша төлем тағайындалды;
- жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға уәжделген отбасыларға гранттар беру, Біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) және басқалар арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті Карьер орталығына, тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне немесе электрондық үкімет порталы арқылы бере алады (egov.kz).
Оқушылар тек сабақ оқып қана қоймай, мектеп өміріне белсене қатысып, өздері мен ұжым үшін шешім қабылдауды үйренеді. Мұғалімдермен бірге олар қарды тазалау үшін аулаға шықты, күректерін алып. Біршама күш жұмсап, балалар тапсырманы тез орындады. Бірлескен еңбек арқылы балалар еңбекке баулынып, бір-біріне қамқорлық жасап, өз мектептеріне құрметпен қарауды үйренеді.
1-қазан Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтіп, қарттар үшін ақ дастархан жайылды. Мерекелік шара барысында алдымен сөз алған ауыл әкімі Дауренбеков Талгат Ташмаганбетович құттықтау сөз сөйлеп, қазыналы қарттарға өзінің ізгі-тілегін білдірді. Шара барысында ауыл өнерпаздары да арнайы концерттік бағдарламасын дайындап, әсем әннен шашу шашты.