Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларын, сондай-ақ Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемдерін қалыптастыру және бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32300 болып тіркелді
"Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 4-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары бекітілсін.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
Ә. Тамабек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын одан әрі өткізу құқығынсыз сатып алатын, сондай-ақ ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлға;
2) виртуалды қойма – Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес тауарларды қадағалау тетігінің автоматты режимде жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің модулі;
3) дизель отынын бөлудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып реттелген жиынтығы;
4) дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператор (бұдан әрі – оператор) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған дизель отынын сатып алу, жеткізу, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсететін, өңірлік операторларды айқындау жөніндегі комиссия айқындайтын жеке немесе заңды тұлға;
5) дизель отыны – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнайды қайта өңдеу жоспарларында, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті көлемде ескеретін мұнай өнімінің жекелеген түрі;
6) субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер арасында дизель отынын қалыптастыру және бөлу жөніндегі деректерге бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау тәртібі
1-параграф. Өңірлік операторларды айқындау жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі
Комиссия құрамына ЖАО, прокуратура органдарының (келісу бойынша), сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының (келісу бойынша), қоғамдық ұйымдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кәсіпкерлер палатасының, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
Комиссия отырысының аудио-, бейнежазбасын рұқсатсыз тоқтата тұруға немесе түзетуге жол берілмейді.
Аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалану мүмкін болмаған кезде, ЖАО-ның АТ жөніндегі маманы бұл туралы Комиссия төрағасына баяндайды, ол Комиссия отырысын ауыстырады.
2-параграф. Операторларды анықтау шарттары
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
техникалық паспорттың көшірмесі;
цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы;
"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.
Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6) тармақшаларда көзделген талаптар ресурс ұстаушыдан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге қолданылмайды.
Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші Комиссия хаттамасына автоматты түрде енгізіледі.
Хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан жері, почталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық почтасының мекенжайы көрсетілген ЖАО-ның атауы;
2) құжаттарды қабылдаудың басталған және аяқталған күні мен уақыты;
3) осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі;
4) Комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты және орны.
Өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар ЖАО кеңсесінде олар келіп түскен күні тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып қабылданады және тіркеледі және Жұмыс органына жіберіледі.
Әлеуетті оператор жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ұсынылған мәліметтердің толық еместігі және (немесе) құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі анықталған кезде, Жұмыс органы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзімде әлеуетті операторға ұсынылған құжаттардың қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсететін хабарлама жібереді. Хабарлама әлеуетті оператор өтінімде көрсеткен электрондық мекенжайға жіберіледі.
Құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтіру мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды.
2 (екі) жұмыс күні ішінде әлеуетті оператор құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келтірмеген жағдайда, Жұмыс органы құжаттарды одан әрі қараудан бас тартудың нақты себептерін көрсете отырып, өтінімде көрсетілген әлеуетті оператордың электрондық мекенжайына уәжді бас тартуды жібереді.
Комиссия шешімі бағалау парақтарында қойылған балдар негізінде қабылданады.
Ресурс ұстаушыдан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші Комиссия хаттамасына оң шешіммен автоматты түрде енгізіледі.
Ұпай сомаларын есептеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
3-тарау. Операторларды жосықсыз операторлар тізбесіне енгізу шарттары
Мониторингті Жұмыс органы осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларының 23-тармағына сәйкес оператор АЖ веб-порталында орналастырған ақпаратты талдау негізінде апта сайын жүргізеді.
Комиссия отырысы Жұмыс органы жүгінген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Бұл ретте Комиссия отырысы өкілеттігін растайтын тиісті құжат негізінде әрекет ететін оператордың не оның өкілінің қатысуымен өткізіледі.
Комиссия хатшысы Комиссия отырысы өткізілгенге дейін екі жұмыс күні бұрын операторға Комиссия отырысының өтетін орны, күні мен уақыты туралы хабарлама жібереді.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отынының бекітілген көлемін жеткізу шарттарын орындамауға және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отынын өткізуге Комиссия хаттамасымен бекітілген баға ұсынысын сақтамауға алып келетін, тиісті құжаттармен расталатын еңсерілмейтін күш мән-жайлары операторды жосықсыз операторлар тізбесіне енгізбеу үшін негіз болып табылады.
Комиссия ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірін шығарады:
1) операторды жосықсыз операторлар тізбесіне енгізу туралы;
2) операторды жосықсыз операторлар тізбесіне енгізуден бас тарту туралы.
Жосықсыз операторлардың тізбесін жүргізу осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жүзеге асырылады.
Операторды айқындау осы Қағидалардың 2-тарауының 2-параграфында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
|
|
Ауыл шаруашылығы |
Нысан
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға өтінім
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
атынан ___________________________________________________________________
(бірінші басшының не өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде уәкілетті
тұлғаның лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
атынан дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторды айқындау жөніндегі
рәсімдерге қатысуға жіберуді сұраймын.
Заңды тұлға үшін:
атауы ___________________________________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі _________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________
мекенжайы: ________________________________________________________
телефон нөмірі (факс), электрондық почта: __________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ___________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі _________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _________________________________________________________
кім берді _____________________________________________________
берілген күні _____________________________________________________
мекенжайы:________________________________________________________

Жеке кәсіпкер ретінде қызметтің басталуы туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері ________________________________________________
хабарлама күні ________________________________________________
Өтінімге қоса берілетін құжаттардың атауы:
___________________________________________________________________

Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш берушінің немесе оның өкілінің қолы

Өтінім берілген күн: 20__ жылғы __________________
|
|
Ауыл шаруашылығы |
Нысан
Дизель отынын жеткізу жөніндегі әлеуетті операторларды бағалау парағы
|
№ |
Бағалау өлшемшарттары |
Көрсеткіштер |
Ұпайлар |
|
|
|
Заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі |
|
||||
|
1 |
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы |
1 ұпай - максималды баға 2 ұпай - төмендету тәртібімен ұсынылатын бағалар 3 ұпай - төмендету тәртібімен ұсынылатын бағалар 4 ұпай - төмендету тәртібімен ұсынылатын бағалар 5 ұпай - ең төменгі баға |
|
|
|
|
2 |
кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуы |
1 ұпай - екі жылдан үш жылға дейінгі тиісті тәжірибе 2 ұпай - үш жылдан төрт жылға дейінгі тиісті тәжірибе 3 ұпай - төрт жылдан бес жылға дейінгі тиісті тәжірибе 4 ұпай - бес жылдан алты жылға дейінгі тиісті тәжірибе 5 ұпай - алты немесе одан да көп жылдық тиісті тәжірибе |
|
|
|
|
3 |
анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператор міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдында мерзімі өткен берешектің болмауы |
3 ұпай |
|
|
|
|
4 |
салық берешегінің болмауы |
3 ұпай |
|
|
|
|
5 |
меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдері базасының немесе резервуардың болуы; цистернасы бар автомашина (бензовоз) үшін таразының болуы; мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуы |
5 ұпай |
|
|
|
|
6 |
ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дизель отынын жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде цистернасы бар автомашинаның (бензовоздың) болуы |
3 ұпай |
|
|
|
|
7 |
тауарлардың ілеспе жүкқұжатына сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану |
3 ұпай |
|
|
|
|
|
Ауыл шаруашылығы |
||||
Нысан
Жосықсыз операторлардың тізбесі
|
Жосықсыз оператор туралы ақпарат |
Комиссия хаттамасының нөмірі мен күні |
Операторды жосықсыз операторлар тізбесіне енгізу үшін негіздеме |
|
|||
|
атауы |
орналасқан жері / заңды мекенжайы |
жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес сәйкестендіру нөмірі |
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|||||
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) 1 гектарға арналған дизель отыны шығысының нормативі – ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлері бойынша егістіктің бір гектарын (бұдан әрі – га) егу/жинау үшін қажетті дизель отынының орташа оңтайлы көлемі;
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші – ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын және көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынын одан әрі өткізу құқығынсыз сатып алатын, сондай-ақ ресурс ұстаушылардан дизель отынын сатып алу туралы дербес шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлға;
3) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге арналған дизель отынының көлемі – дизель отыны шығысының нормативін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ауыл шаруашылығы дақылдарының мәлімделген егіс (жинау) алаңына 1 гектарға көбейту жолымен дизель отынын бөлудің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде есептелетін дизель отынының көлемі;
4) дизель отыны – мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган мұнайды қайта өңдеу жоспарларында, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажетті көлемде ескеретін мұнай өнімінің жекелеген түрі;
5) дизель отынын бөлудің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АЖ) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынының көлемін қалыптастыру және бөлу процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдырылып реттелген жиынтығы;
6) дизель отынын бөлудің ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер арасында дизель отынын қалыптастыру және бөлу жөніндегі деректерге бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
7) дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператор (бұдан әрі – оператор) – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге арналған дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтерді көрсететін, өңірлік операторларды айқындау жөніндегі комиссия айқындайтын жеке немесе заңды тұлға;
8) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – АЖ-ға қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға, оны мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Басқарма) айқындайды;
9) танаптың кадастрлық нөмірі – танаптың орналасқан жерін анықтауға (сәйкестендіруге) арналған оның бірегей коды;
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу тәртібі
Жеке кабинет ашу үшін веб-порталда тіркелу кезінде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;
2) бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі және ЖСН-сы;
3) байланыс деректері (почта мекенжайы, телефон, электрондық почта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктің немесе ұлттық почта операторының ағымдағы шотының деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші бір жұмыс күні ішінде веб-порталдағы жеке кабинетке енгізілген дербес шоттың деректерін өзгертеді.
Танаптың бір кадастрлық нөмірі бойынша қайта-қайта өтінім жіберуге жол берілмейді.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген ауыл шаруашылығы кооперативі (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) ауылшаркооперативіне өтінім береді.
Мүшелеріне жер учаскелері тіркелген бірлескен кәсіпкерлік нысанында ұйымдастырылған шаруа немесе фермер қожалығы шаруа немесе фермер қожалығына өтінім береді.
Бұл ретте дизель отынының көлемін алушы ауылшаркооперативі не шаруа немесе фермер қожалығы болып табылады.
Өтінімнің "қаралуда/бекітілді/бас тартылды" деген мәртебесі веб-порталдағы ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отыны шығысының базалық нормативтері осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.
Басқарма АЖ-да өтінім қалыптастырылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде өтінімге бірегей код бере отырып, дизель отынының алдын ала көлемін бекіту туралы не дизель отынының алдын ала көлемін бекітуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама жібереді.
өткен жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірмей көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге әр облыс үшін дизель отынының көлемі бөлінген облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіту графигін (бұдан әрі – график);
тиісті жылдың 30 мамырынан кешіктірмей егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған графикті бекітеді.
Энергетика министрлігі ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отынын өткізуге ұсынылатын бағаны белгілеу туралы ай сайынғы хаттаманы (бұдан әрі – ай сайынғы хаттама) бекітеді.
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушіге арналған дизель отынының түпкілікті көлемдері веб-порталда және ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ресурс ұстаушылардан дизель отынын өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін бекітілетін дизель отынының көлемі дизель отынының нақты мәлімделген көлеміне сүйене отырып қалыптастырылады.
Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің өзінің жеке кабинетінде көрсетілген электрондық мекенжайына осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын тиеп-жөнелту туралы хабарлама жіберіледі.
1) жеткізу шарты бойынша сатып алынған дизель отынының көлемі;
2) жарияланған күнге дизель отынының қалған көлемі.
1) берілген дизель отыны көлемінің саны;
2) жарияланған күнге дизель отынының қолжетімді көлемі.
1) егін жинау жұмыстары;
2) жемшөп дайындау;
3) дәнді және майлы дақылдардың тұқымдарын кептіру.
Бұл ретте ЖАО АЖ-ға өтінімдерді қабылдау мерзімдерін көрсете отырып, дизель отынының қалдықтарын өткізуге арналған өтінімдерді қабылдау туралы қосымша хабарландыру жариялайды.
Көрсетілетін қызметтерді жеткізуші ЖАО-дан хабарлама алғаннан кейін АЖ жұмысының бұзылуын жоюға және ЖАО АЖ-ға қол жеткізуді ұсынуға кіріседі.
Бұл ретте, туындаған іркілісті жою бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін көрсетілетін қызметтерді жеткізуші 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған ЖАО қол қояды.
|
|
Көктемгі егіс және егін |
Нысан
Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы
________________ облыстар
Дизель отыны көлемдерін алуға арналған өтінім
(заңды немесе жеке тұлғаның атауы)
атынан __________________________________________________________________
(лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
көктемгі егіс/егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін _________ (______________) тонна
(қажеттісін таңдау)
көлемінде дизель отынын бөлуді сұраймын.
Заңды тұлға үшін:
атауы ______________________________________________________________
бизнес-сейкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) ___________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________

телефон (факс) нөмері: _______________________________________________
Жеке тұлға үшін:
аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________________________
жеке сейкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) ____________________________
Жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _____________________________________________________________
кім берді ___________________________________________________________
берілген күні ________________________________________________________
мекенжайы: _________________________________________________________
телефон (факс) нөмері: ________________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама – жеке тұлға үшін:
орналасқан жері _____________________________________________________
хабарланған күні ____________________________________________________
|
№ |
Ауыл шаруашылығы кооперативі (шаруа қожалығы) мүшесінің атауы |
Ауыл шаруашылығы кооперативі (шаруа қожалығы) мүшесінің БСН / ЖСН |
|
|
|
|
ЖСН/БСН _________________________________________________________
бенефициар коды (бұдан әрі – БеК)_____________________________________
банктің немесе почта операторының деректемелері: ______________________
банктің немесе почта операторының атауы: _____________________________
банктің сәйкестендіру коды ___________________________________________
жеке сәйкестендіру коды _____________________________________________
БСН ______________________________________________________________
БеК _______________________________________________________________
|
№ |
Ауыл шаруашылығы дақылының атауы |
Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар |
1 гектарға арналған (килограмға) дизель отыны шығысының нормасы |
Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші үшін дизель отынының көлемі (тонна, килограмм) |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
|
|
|
|
|
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге сатып алынған дизель отыны көлемдерінің пайдаланылуын қамтамасыз ететінімді растаймын.
Өтініш беруші 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбадан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өтінім 20__ жылғы "____" ______ сағат _____ қарауға қабылданды:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ-ға қол қою күні мен уақыты
|
|
Көктемгі егіс және егін |
Нысан
Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге арналған дизель отыны шығысының базалық нормативтері
|
№ |
Дақылдың атауы |
1 га (килограмм) арналған дизель отыны шығысының нормативі |
|
||
|
көктемгі егіс жұмыстарына |
егін жинау жұмыстарына |
|
|||
|
1 |
Дәнді және бұршақты дақылдар |
15,46 |
15,60 |
|
|
|
2 |
Картоп |
51,52 |
140,71 |
|
|
|
3 |
Көкөністер |
15,91 |
125,61 |
|
|
|
4 |
Майлы дақылдар |
14,45 |
18,24 |
|
|
|
5 |
Сүрлем (жүгері) |
11,74 |
85,84 |
|
|
|
6 |
Бау-бақша дақылдары |
16,00 |
5,05 |
|
|
|
7 |
Біржылдық шөптер |
14,36 |
10,83 |
|
|
|
8 |
Көпжылдық шөптер |
11,48 |
- |
|
|
|
|
Көктемгі егіс және егін |
||||
Нысан
Хабарлама
Құрметті ____________________________________________________________

Сізге _______ жылғы "____" ___________ берілген № _______ өтінімге сәйкес
____________ тонна көлемінде дизель отынын бөлу/бас тарту туралы Басқарманың
шешімі туралы хабарлаймыз.
Бас тарту себебі: _____________________________________________________
_________________________________________________________________________

Сұрақтар туындаған жағдайда _________________________________________
_______________________________________________ хабарласуыңызды сұраймыз.
(Басқарма)
Орындаушы: _______________________________________ _______________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) (қолы)
Байланыс телефондары: ______________________________________________
|
|
Көктемгі егіс және егін |
Нысан
Облыс бойынша дизель отыны көлемдерінің қажеттілігі және бөлу тізілімі 20 ___ жыл
|
Р/с № |
Аудандардың атауы |
Көктемгі егіс немесе егін жинау жұмыстары (қажеттісін таңдау) |
Айлар (қажеттісін таңдау) |
|
||||||||||||
|
қаңтар |
ақпан |
наурыз |
сәуір |
мамыр |
маусым |
шілде |
тамыз |
қыркүйек |
қазан |
қараша |
желтоқсан |
|
||||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
|
|
Көктемгі егіс және егін |
|||||||||||||||
Нысан
Республика бойынша дизель отыны көлемдерінің қажеттілігі және бөлу тізілімі
|
Р/с № |
Облыстардың атауы |

______________ облысының дизель отынын жеткізу
жөніндегі өңірлік операторға
__________________________
(оператордың атауы)
Жеңілдікті дизель отынын тиеп-жөнелтуге арналған өтінім

(басшының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
көктемгі егіс/егіс жинау жұмыстарын жүргізуге _____________ (___________) тонна
(қажеттісін таңдау)
көлемінде дизель отынын тиеп-жөнелтуді сұраймын.
Өтінішке ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 20___ жылғы "___" ___________ сағат _______ қол қойып, жіберді:
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер;
Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушінің ЭЦҚ-ны қою күні мен уақыты.
дизель отынын нақты тиеп-жөнелтілген күні – 20____ жылғы "____" _____________;
дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ-дан алынған деректері;
дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ-ны қою күні мен уақыты.
|
|
Көктемгі егіс және егін |
Нысан
Дизель отынының тиеп-жөнелтілгені туралы хабарлама

Сізге _______ жылғы "____" ___________ берген № _______ өтініміңізге сәйкес ____________ (_________________) тонна көлемінде дизель отынының тиеп-жөнелтілгені туралы хабарлаймыз.
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың электрондық цифрлық қолтаңбасынан (бұдан әрі – ЭЦҚ) алынған деректер;
Дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік оператордың ЭЦҚ-сын қою күні мен уақыты.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК