Құрметті әлеуетті сауда-саттық қатысушылары! «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ 2025 жылы 28 қазанда сағат 10:00 www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында (бұдан әрі – Портал) бағаларды ұлғайту әдісімен жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша электрондық аукцион өткізілетіндігін хабарлайды.
Аукционды өткізу әдісі – ағылшынша, бағаны ұлғайту қадамы – жер учаскесін жалдау құқығының бастапқы (ағымдағы) бағасынан 10 %.
Аукционға қатысу өтінімін беру «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысына және «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Аукционға қатысу өтінімдерін беру және тіркеу тізілім веб-порталында аукционды өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады, ол өткен соң қатысушылар берген өтінімді қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі - БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банкте есеп айырысу шотының реквизиттерін;
4) байланыс деректерін (пошталық мекен-жайын, телефонын, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілім веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукцион қатысушысы ретінде тіркелу үшін тізілім веб-порталында қатысушының ЭЦҚ қойылған қатысу өтінімін тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тізілім веб-порталында өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін негіз қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ, аукцион басталғанға дейін екі сағат бұрын сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның түспеуі болып табылады.
Автоматтық тексеру нәтижелері бойынша тізілім веб-порталы қатысушының электрондық мекен-жайына тізілім веб-порталында көрсетілген өтінімді қабылдау туралы немесе өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жолдайды.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілім веб-порталында берілетін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына қол жетімдік беріледі.
Аукцион қатысушылары аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ және аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы бағасын аукцион залында автоматтық жайластыру арқылы сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.
Сатылған әр сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттықты өткізу күні ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы немесе жеңімпаз тізілім веб-порталында қол қойған аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалға беру шарты тізілім веб-порталында электрондық нысанда жасалады және оған сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік үш күннен аспайтын мерзімде ЭЦҚ пайдалана отырып, сатушы және сатып алушы қол қояды. Бұл кезде, сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде сатып алу-сату шартының жобасын қол қою үшін береді.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында бірыңғай оператор реквизиттеріне аударылады:
төменде көрсетілген деректемелерге ақша аудару арқылы:
Төлем алушы (рус.): «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ
БСН: 050540004455
Есепшот (IBAN/ИИК) «Қазақстан Халық банкі» АҚ: KZ226018871000394291
БИК: HSBKKZKX
КНП: 857
Кбе: 16
Қалған басқа жағдайларда кепілдік жарналар аукцион қатысушысы тізілім веб-порталында ЭЦҚ қол қойған өтінішті бірыңғай операторға берген күннен бастап үш жұмыс күннен кешіктірілмей қайтарылады.
Бағаны ұлғайту әдісін қолдана отырып, аукционға мынадай сату объектілері қойылады:
|
№ р/с |
Нысаналы мақсаты |
Учаскенің орналасқан жері |
Жер учаскенің ауданы (гектар) |
Жер учаскесінің жалдау құқығын сатып алудың бастапқы құны (теңге) |
Кепілдік жарна мөлшері (теңге) |
Ауыртпалығы мен пайдаланудағы шектеулер |
Мерзімі |
|
1 |
Көп пәтерлі тұрғын үй салу үшін |
Арқалық қаласы Ш.Жәнібек көшесі |
0,2800 |
775 118.40 |
196 600 |
Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ |
6 жыл |
|
2 |
Көп пәтерлі тұрғын үй салу үшін |
Арқалық қаласы Ш.Жәнібек көшесі |
0,2800 |
775 118.40 |
196 600 |
Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ |
6 жыл |
|
3 |
Көп пәтерлі тұрғын үй салу үшін |
Арқалық қаласы Ш.Жәнібек көшесі |
0,2800 |
193 779.40 |
196 600 |
Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ |
6 жыл |
|
4 |
Көп пәтерлі тұрғын үй салу үшін |
Арқалық қаласы Ш.Жәнібек көшесі |
0,2800 |
775 118.40 |
196 600 |
Ауыртпалық немесе тыйым салу жоқ |
6 жыл |
Ұйымдастырушы: «Арқалық қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ
Ақпарат үшін телефон: 8-714-30-7-23-52