Ереже

Арқалық қаласы әкімдігінің 2022 жылғы

«18»   сәуір  №164

қаулысымен бекітілген

 

«Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  5. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  6. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауылдық округ әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

4

  1. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110309, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Қайыңды ауылы, Тонашин көшесі, 26 үй.
  2. Осы ереже «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  3. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  4. «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер «Арқалық қаласы Қайыңды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

Ереже
Дата публикации
16 ноября 2023