GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Қызметі
Все материалы
01 сентября 2026
Ашутасты ауылында қала әкімінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті

 

Ашутасты ауылында Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асановтың қатысуымен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындармен ашық диалог орнатып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, абаттандырылуы және халықты толғандыратын өзекті мәселелерді талқылау.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын мәселелерді көтеріп, тиісті сұрақтарын қойды. Атап айтқанда, ауылдың инфрақұрылымын дамыту, жолдарды жөндеу, абаттандыру, коммуналдық мәселелер және басқа да әлеуметтік мәселелер сөз болды.

Қала әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берілетінін атап өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен тұрақты кері байланысты қамтамасыз ету және көтерілген мәселелерді кезең-кезеңімен шешу қажеттілігі айтылды.

Айта кетейік, Ашутасты ауылдық округінің құрамына Ашутасты және Аққошқар ауылдары кіреді. 

Кездесу тұрғындармен ашық пікір алмасу форматында өтіп, ауылдың одан әрі дамуына қатысты бірқатар маңызды ұсыныстар ортаға салынды.

Құрылыс
27 ноября 2024
Мәдениет үйін жөндеу жұмыстары
Білім
22 ноября 2024
«Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Арқалық қаласының білім бөлімінің А.Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" КММ. А. Макаренко атындағы жалпы орта білім беретін мектеп 1971 жылы салынған.
1-11 сынып 171 мектеп.

Олардың ішінде:

қазақ тілінде оқыту - 127 оқушы,
орыс тілімен-44
Педагогикалық құрам:

Педагогтар саны: 35
Жас мамандар: 3
Білім деңгейі бойынша: жоғары. -100%
Санаттар бойынша: екіншісі - 1, педагог-модератор-9, педагог-сарапшы-13, педагог-зерттеуші-4, педагог-8

Мәдениет
22 ноября 2024
Бірлік түбі - Береке

КРІ бағдарламасы бойынша Амангелді ауданы Тасты ауылына, Ашутасты ауылының көркемөнерпаздарының "Бірлік түбі - береке" атты концерттік бағдарламасы.

20 ноября 2024
Мемлекет басшысы Сербия Президентімен кеңейтілген форматта келіссөздер жүргізді 20 қараша 2024 - 09:25

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Белградқа ресми сапары аясында Сербия Президентімен екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген форматта келіссөздер өтті.

Қазақстан Президенті Александр Вучичке тет-а-тет форматындағы мазмұнды әңгіме және қазақ тарапына көрсеткен қонақжайлылығы үшін алғысын білдірді.

Өз кезегінде Сербия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сапары үшін ризашылығын білдіріп, оның екіжақты қатынастарды одан әрі тереңдету үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті. Ол өңірде және жаһандық аренада бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға негіз болатын өзара тиімді байланыстарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударды.

Президенттер соңғы жылдардағы екіжақты тауар айналымының өсуін оң бағалады. Сонымен қатар, әлемдегі қазіргі геосаяси және экономикалық жағдай одан да тығыз ынтымақтастықты қажет ететіні атап өтілді.

Тараптар екіжақты тауар айналымын одан әрі ұлғайтуға және жеткізілетін тауарлар номенклатурасын кеңейтуге өзара мүдделілік білдірді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транзит және логистика, қорғаныс-өнеркәсіп кешені, цифрландыру, телекоммуникация және аэроғарыш салаларында зәкірлік бірлескен жобаларды ілгерілету үшін қолда бар кең мүмкіндіктер мен ресурстар қарастырылды.

Көлік инфрақұрылымының өзара байланысын дамыту мен әртараптандырудың маңыздылығы, оның ішінде астаналар арасында тікелей әуе рейстерін ашу мүмкіндігі атап өтілді.

Екі елдің президенттері білім, ғылым, денсаулық сақтау, туризм, жасанды интеллект салаларында практикалық өзара іс-қимылды жолға қоюға ерекше назар аударды.

Мемлекет басшылары сапар аясында қол қойылған екіжақты құжаттар қазақ-серб ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге толық ықпал ететініне сенім білдірді.

Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылған құжаттармен алмасу рәсімі өтті.

 

Қазақстан Президентінің Сербияға ресми сапары аясында келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісім;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сербия Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сербия Республикасының Білім министрлігі арасындағы Білім саласындағы өзара түсіністік туралы Меморандум;

4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Сербия Республикасының Еңбек, жұмыспен қамту, ардагерлер істері және әлеуметтік мәселелер министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Сербия Республикасының Туризм және жастар министрлігі арасындағы Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;

6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Сербия Республикасының Статистикалық басқармасы арасындағы өзара саудадағы статистикалық деректермен алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

7. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ғылым, Технологиялық даму және инновациялар министрлігі арасындағы Ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы Меморандум;

8. Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Сербия Республикасының Ақпарат және телекоммуникация министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум;

9. Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық Кітапханасы мен Сербия Республикасының Ұлттық кітапханасы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы Меморандум;

10. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты мен Сербия Республикасының халықаралық саясат және экономика институты арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум.

14 ноября 2024
"Еңбек адамы"

Кулмаганбетов Болат Султанович 17ші желтоқсан 1961 жылы Амангелді ауданының Байғабыл ауылында туылған.5 баласы, 14 немересі бар.
Оқу орны- 1979-1984 жылы Алматы қаласындағы Мал дәрігерлік институтындабілім алған мамандығы – мал дәрігері.
1984-1985 жылы Арқалық ауданында ветеринарлық станцияда мал дәрігері болып қызмет атқарды.
1986-1996 жылдар аралығында Алуа ауылында бас мал дәрігері (Зоотехник) болып қызмет атқарды.
1996 жылы Ашутасты ауылына қоныс аударып Арқалық ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының Мал шаруашылығы цехына бригадир болып жұмысқа орналасты. Әр жылдары осы ауыл шаруашылық тәжірибе станциясының мал шаруашылығы фермасында бас мал дәрігері, көп жылдар бойы мал шаруашылығы цехының басшысы болып қызмет атқарады.
2021 жылы Алғыс хат –Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесіне орай «Ауыл шаруашылығы филиал қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай Облысы бойынша филиалы марапаттады. Еңбек Адамының мүддесін қорғау мен кәсіподақ қозғалысын дамытудағы жемісті еңбегы үшін.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылы 2 желтоқсандағы Жарлығы бойынша - «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

Таза Қазақстан
08 августа 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бойынша 7 тамызда атқарылған жұмыстар
Таза Қазақстан
01 августа 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бойынша 26 шілде -1 тамыз аралығында атқарылған жұмыстар

Ауыл тұрғындары өз аулаларын, қоршауларын ақтау сырлау жұмыстарын жүргізді.

Таза Қазақстан
25 июля 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бойынша 25 шілде күнінде атқарылған жұмыстар

Орталық саябақта сенбілік және ауыл тұрғындарының өз ауларын ақтап, сырлау жұмыстары.

Таза Қазақстан
25 июля 2024
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы бойынша 24 шілде күнінде атқарылған жұмыстар

Мектеп қарамағында сенбілік

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы