Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағы 13 тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Арқалық қаласының және Арқалық қаласы елді мекендерінің жерлерін бағалау аймақтарының шекаралары мен жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
- Қостанай облыстық мәслихатының «Арқалық қаласының жер телімдері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 354 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3747 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.