Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызмет көрсетудің маңызы зор.

 Еліміздің дамуының барлық саласында түбегейлі оңтайлы өзгерістер орын алып келеді. Мемлекеттік қызмет жүйесін электронды форматта жетілдіру және оған азаматтардың еркін қолжетімділігін қамтамасыз ету үкімет алдында тұрған маңызды міндеттің бірі болып табылады. Мемлекет алдына қойылған негiзгi мiңдеттердiң бiрi — жоғары сапалы мемлекеттiк қызмет көрсетуге барлық халықтың бiрдей қол жеткiзуі. Бұл мәселе заң жүзінде бекітілген «Цифрлық Қазақстан» кешенді бағдарламасына сəйкес, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында электронды түрде қызмет көрсету заман талабына сай қарқынды дамыту.Мемлекеттік көрсетілетін қызмет дегеніміз көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын мен заңды мүдделерін іске асыру болып табылады.Бүгінгі таңда Қарасу ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетеді:

  1. Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну.
  2. «Сауда-саттық (Конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу
  3. «Жер усачкесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
  4. «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру»
  5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
  6. «Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сату»

Қарасу ауылдық округі әкімі аппараты 2022 жылы «Сауда-саттық(Конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 4, «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» -1, 2023 жыл «Сауда-саттық (Конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 1  мемлекеттік қызмет көрсетті. Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты  мемлекеттік мекемелер ғимараттарында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында, арнайы маман бекітіліп, заңға сәйкес нұсқаулықпен керекті қызметтерді жергілікті тұрғындар қолжетімді, кедергісіз  алуда. Қарасу ауылдық округ әкімі аппаратында барлық мемлекеттік қызметтердің стандарттары, регламенттері және мемлекеттік қызметтер көрсетудің тәртібі туралы ақпараттар жазылған стендтермен жабдықталған. Электрондық үкіметті дамыту дегеніміз біріншіден, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру.Екіншіден, сыбайлас жемқорлық көріністерінің азаюына негіз тудыру.Үшіншіден, рұқсат беру құжаттарының тізбесін қысқарту болып табылады. Мемлекеттік қызмет көрсетудің  сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік орындардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығы зор. Қарасу ауылдық округ әкімі аппаратының негізгі мақсаты  мемлекеттік қызмет көрсету саласында тұрғындардың өтініштерін уақытылы қанағаттандыру, мүмкіндігі шектеулі жандар мен барлық қызмет алушыларға ыңғайлы жағдай жасау басты міндет екенін үнемі назарда ұстайды.

Амангелді ауданының

                                                                                   Қарасу ауылдық

                                                                                округі әкімінің

                                                                               аппараты ММ

                                                                          бас маманы

                                                                               Г.Муздаханова

Дата публикации
23 ноября 2023