Байғабыл ауылдық округі тұрғындарының жиналысының
Х А Т Т А М А С Ы
«16» қараша 2023 жыл. № 17 сағ: 11:00
Байғабыл ауылы. Ауылдық клуб
Төрағалық етті: Байғабыл ауылдық округі әкімі А.Зейнолдин
Қатынасқандар: Амангелді АПб ЖПҚб учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Қасымханов Нұрсұлтан Маралұлы, Байғабыл ауылдық округінің имамы Ерғалиев Қайырбек Тоқтарович, Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Ільясов Күнтуар және ауыл тұрғындары
КҮН ТӘРТІБІ:
2023 жыл 16 қараша күні Ішімдіксіз ауыл атты акцияға байланысты жиналыс
Баяндамашы: Амангелді АПб бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұржанов Қайрат Тұрсынбаевич, ЖПҚб бастығы полиция подполковнигі Шайкенов Жанабай Ертаевич
ТЫҢДАЛДЫ
2023 жыл 16 қараша күні Ішімдіксіз ауыл атты акцияға байланысты жиналыс өтті. Амангелді ауданынан Амангелді АПб бастығының орынбасары полиция подполковнигі Нұржанов Қайрат Тұрсынбаевич, ЖПҚб бастығы полиция подполковнигі Шайкенов Жанабай Ертаевич келіп, Байғабыл ауылының әкімшілігінде Ішімдіксіз ауыл атты акцияға байланысты жиналыс өткізді. Жиналысқа Амангелді АПб ЖПҚб УПИ полиция аға лейтенанты Қасымханов Нұрсұлтан Маралұлы, ауыл имамы Ерғалиев Қайырбек Тоқтарович, Жергілікті қоғамдастық кеңесінің төрағасы Ільясов Күнтуар және ауыл әкімшілігінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары болды. Шамамен 15 адам қатысты. Жиналысқа қатынысқан адамдарға Ішімдіктің қоғамға зияны мен қауіпі, ішімдіктің кесірінен бірнеше құқықбұзушылық болып тіркелгенін баяндады.
Қорытынды:
Ауыл тұрғындары Ішімдіксіз ауыл атты акцияға қосылып, ішімдікке қарсы екенін айтты.
Жиналыс төрағасы: А.С.Зейнолдин