Mемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы -мемлекеттік органдардың жұмысын бағалаудың басты өлшемі болып табылады. Электронды үкіметті дамыту, халықтың компьютерлік сауаттылығын көтеру, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін жақсарту, сол арқылы мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бойынша әр салада нақты жұмыстар атқарылуда. Ел Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру маңыздылығын ерекше атап көрсетіп келеді. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – мемлекеттік қызметшілер жұмысы тиімділігінің басты көрсеткіші болады және ол мемлекеттік тұтынушы ретінде халыққа тікелей бағытталуы тиіс.Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі қағидасының бірі – мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге міндетті екендігі. Қойылатын талаптар және оларды көрсету тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында анықталған. Стандарт дегеніміз – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету – әлеуметтік дамудың негізі болып есептеледі.
Сапалы көрсетілетін мемлекеттік қызмет еліміздегі білім саласының өркендеуіне, халқымыздың әл-ауқатының артуына, сыбайлас жемқорлықтың азаюына негіз болады.