Мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғынжайды пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін белгілеу
туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7232 болып тіркелген) Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі № 25 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 57 (елу жеті) тенге 52 (елу екі) тиын мөлшерінде;
2) Амангелді ауданы Амангелді ауылы Б. Майлин көшесі, № 21 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 77 (жетпіс жеті) тенге 4 (төрт) тиын теңге мөлшерінде;
3) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 19 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 73 (жетпіс үш) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшерінде белгіленсін;
4) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 17 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 73 (жетпіс үш) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшерінде белгіленсін;
5) Амангелді ауданы Амангелді ауылы М. Маметова көшесі № 23 үй, мекен-жайы бойынша жалпы алаңның 1 (бір) шаршы метрі үшін айына 73 (жетпіс үш) теңге 57 (елу жеті) тиын мөлшерінде белгіленсін.
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Аудан әкімі Ә.Асанов