2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2026-2028 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
«Қостанай облысының 2026 – 2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 желтоқсандағы №266 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2026 жылға 1 164 272,0 мың теңге сомасында белгіленді.
Аудан бюджетіне кірістер 2 459 349,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 548 832,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 38 533,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 5 200,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 1 866 784,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 30 174,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 54 062,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 662 543,0 мың теңге.
- Қорғаныс. 18 461,0 мың теңге.
- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру. 229 572,0 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 10 705,0 мың теңге
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 629 679,0 мың теңге.
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары. 56 955,0 мың теңге.
- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі. 28 720,0 мың теңге
- Көлiк және коммуникация. 54 428,0 мың теңге.
- Басқалар. 173 914,0 мың теңге.
- Борышқа қызмет көрсету. 66 942,0 мың теңге.
- Трансферттер. 277 733,0 мың теңге.