«Амангелді ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №121 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2025 жылғы тамызда жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне кірістер 2 944 090,6 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 876 985,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 24 157,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 2 042 748,6 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 25 969 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 316 541,0 мың теңге;
Шығыстар – 3 343 782,0 мың теңге.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 16 475,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 9 034,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру. 5 190,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.