«Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2021 – 2023 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Амангелді аудандық мәслихаты шешімінің жобасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабына сәйкес әзірленді.
Жоба «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоспарлы 3-жылдық кезеңге бюджетті қабылдау мақсатында әзірленді.
Шешімнің қабылдануы жағымсыз, әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдарларды тудырмайды.
Жобаның мәтіні «Электрондық үкімет» порталының «Ашық НҚА» бөлімінде https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=5423193 орналастырылды.