|
2025 жылдың 1-жартыжылдығында Амангелді ауданы әкімінің ауыл және ауылдық
округтердің тұрғындарымен кездесулерде айтылған
ҰСЫНЫС-ПІКІРЛЕР
|
№ |
Елді мекен атауы |
Ұсыныстар мен пікірлер |
Жауапты орындаушы |
Орындалуы |
|
1. |
Үрпек ауылы |
Сыздықов Ж.Х. 2024 жылдың көктемгі су тасқынында шайылған Амангелді – Үрпек тас жолын жөндеу туралы |
С.Ганиев Қ.Аяпбергенов |
2024 жылы Амангелді – Үрпек бағытындағы жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліліп, жобалау құжаттарына сәйкес, суағарлар қойылған болатын. Биылғы жылы көктемгі су тасқынында бұрынғы кірпіш зауыты тұсы мен Қарашатөбе елді мекені аралығынан үш жерден жолды су шаюы орын алды. Оның себебі, сол учаскелердегі жолдың негізгі төсемінің аласа болуынан орын алды. 2025 жылы арнайы жол мамандарымен ақылдаса келе, Қарашатөбе мен Торғай өзені бойындағы көпір аралығындағы 5,5 шқ жолдың негізгі төсемін биіктетіп, екі жерден 6 дана су ағар жол асты құбырларын орнатып, қиыршық тас төсеу жұмыстарына сметалық құжаттары әзірленіп, тиісті облыстық орындарға бюджеттік өтінім берілді. 2026 жылы жобалау құжаттары дайдалып, асфальт төсенішін төсеу жұмыстары жүргізілетін болады |
|
2. |
|
Карбозов И.Ғ. Үрпек ауылының «Арал» деген жерде орналасқан «Ақсауат» бөгетін бекітуге көмек сұрайды |
С.Ганиев Қ.Аяпбергенов |
Ақсуат» су қайтқаннан кейін аралға өтетін жер, су тасқынында елді мекендерге қауіп төндіретін гидротехникалық құрылым болмағандықтан ондай өткелдерді жөндеуге бюджеттен қаражат қаралмайды, алайда техника жағынан көмек беруге болады. Ауылдық округ әкіміне сол жерде жер учаскелері бар шаруа қожалықтарының басын қосып, Аман-су МКК келісе отырып, аралға өтетін өткелді бекіту жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылады |
|
3. |
Қабырға ауылы |
Т. Жақсылықов 2024 жылы жөндеуден өткен Үрпек – Қабырға көтерме жолының тағы да жөндеуді қажет ететін жерлеріне гарантиялық жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы |
С.Ганиев
|
Үрпек – Қабырға көтерме жолының мердігері «Алюминстрой» ЖШС кепілдік бойынша, жаз айларында жолдың ақауы бар жерлерінің қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін болады |
|
4. |
|
К. Иманқұлов Қабырға ауылына келіп тұрған ауыз судың түсі өзгеріп кетті, сүзгісін ауыстыру қажет |
С.Ганиев И.Абишев |
Ауыз судын сапасын тексеруді «Аман – Су» МКК тапсырылады, тексеру жұмыстарынан кейін судың сапасын жақсарту үшін, тиісті жұмыстары атқарылатын болады |
|
5. |
Байғабыл ауылы |
К. Илиясов Байғабыл ауылдық клубына жөндеу жұмыстары жүргізу туралы |
С. Төленов С.Сейдин |
Қазіргі уақытта мәдениет үйлерін жөндеу жұмыстарына қаражат қаралып отырған жоқ. Алдағы уақытта бюджеттік өтінім беру жұмыстары жүргізіледі |
|
6. |
|
Б. Турганов Арқалық – Торғай тас жолының Байғабыл ауылы тұсында жөндеуді қажет ететін тұстарын жөндеу туралы |
С.Ганиев
|
Арқалық – Торғай тас жолы облыстық деңгейдегі жолдарға жататындықтан, бұл жолды жөндеуге аудандық бюджеттен қаражат бөлінбейді. Облыстық деңгейде жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады |
|
7. |
Құмкешу ауылы |
К. Изтилеуов Құмкешу ауылына кіреберіс грейдердің тұсындағы төмпешік құмдарды қыруға арнайы техникадан көмек сұрайды |
С.Ганиев А.Исмайлов |
Кіреберіс грейдердің төмпешіктерін қыру жұмыстарына арнайы техникадан көмек болады |
|
8. |
|
И. Коканбеков Құмкешу ауылының әр үйіне ауыз су тартып беру туралы |
С.Ганиев А.Исмайлов |
Ауылға су тарату желілерін салу үшін, жобалық сметалық құжаттарына сараптаманың оң қорытындысы алынып, Қостанай облысы әкімдігінің «Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі» басқармасына 391 538, 2 мың.тг бюджеттік сұраныс тапсырылды. Жауабы күтілуде |
|
9. |
|
Қ.Бекетов «Балабөгет» пен «Қарабөгет» бөгеттерінің көктемгі су тасқынында аласарған жерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы |
С.Ганиев А.Исмайлов |
Биыл «Балабөгет» пен «Қарабөгет» бөгеттеріне кепілдік бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады |
|
10. |
Қарасу ауылы |
А. Мұздаханов Қарасу ауылының жалғыз мәдени ошағы – мәдениет үйі авариялық жағдайдың алдында тұр, жөндеуге қаражат бөлу туралы |
С.Төленов С.Сейдин |
Бұл ғимаратқа 2021 жылы дайындалған ЖСҚ мерзімі 2024 жылы бітті. Қазіргі кезде ғимараттың қазіргі жай-күйін техникалық тексеруге 1,800 млн. теңгеге. бюджеттік өтінім берілді. Техникалық тексеру қорытындысы дайындалса, 2025 жылы ЖСҚ дайындауға қаражат сұралады (шамамен 10,0-15,0 млн.тг.) Бұл мәселе бақылауда тұр. |
|
11. |
Амантоғай ауылы |
Д. Тайшин Амантоғай ауылының көше жолдары жөндеутуралы |
С.Ганиев |
Амантоғай ауылының ішкі жолдарына алдағы уақытта қаражат қаралса жөндеу жұмыстарын жүргізіледі |
|
12. |
|
Д. Тайшин Мал бағымына қатыспайтын ауыл тұрғындарына шара қолдану туралы |
М.Қазымбек С.Бірсейітов |
ҚР Заңдарына сәйкес мал бағымын ауыл әкімдері ұйымдастырады, ұйымдастырылған мал бағымына қатыспаға тұрғындарға заң аясында әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ауыл әкімі мен аудандық полиция бөліміне шара қолдану туралы тапсырма беріледі |
|
13. |
|
С.Қалмағамбетов «Ақөткел» бөгетінің су тасқынында жырылған жерін бөгеуге көмек сұрайды |
С.Ганиев М.Қазымбек
|
Ақөткел» бөгетін бөгеуге техника тұрғысынан көмек бере аламыз, бұл жұмысқа ауылдың шаруа қожалықтарын ұйымдастыру қажет |
|
14. |
|
Ж.Бекенов Амантоғай ауылдық емханасына дәрігер қажеттігі туралы |
М.Қазымбек Ж.Какнова |
Амантоғай ауылдық емханасы бойынша 2025 жылдың тамыз айында 2 жалпы тәжірибелі дәрігер келуі жоспарланып отыр, аудандық аурухананмен келісім бойынша 1 дәрігер Амантоғай ауылдық емханасына жіберіледі |
|
15. |
Амангелді ауылы |
С.Тайжанов Амангелді ауылындағы «Демалыс» саябағының алдындағы көшеге балаларға арналған жол белгілері қойылса |
С.Ганиев С.Бірсейітов |
Биылғы жылы Амангелді ауданы бойынша 6 жол белгісін қюға қаражат қаралған, оның ішінде «Демалыс» саябағының алдындағы көшеге орнату қаралмаған. Алайда, жыл соңына дейін қаражат көздерін іздестіріп, жол белгісін қоюды қарастырамыз |
|
16. |
|
К. Алмагамбетов Мал бағымына байланысты, ауылға өте жақын орналасқан агроқұрылымдардың ауылшаруашылығына жататын егістік алқаптарын жайылымға ыңғайлап, ауылдан алыстатуды сұрайды |
Ә.Қарғабай М.Баймұханов |
Әрбір шаруашылықтың 49 жылға жалға алып, бекіткен заңды құжаттары бар. Қазір олардың жерлері заңмен қорғалған. Әр ауыл тұрғына өз малына ие болып, бағылуын қадағалау қажет |
|
17. |
Үштоғай ауылы |
Н. Серіков Ауылда жазғы уақытта мал су ішетін котлованды тасқын су жырып кетті, қазіргі уақытта мал су ішетін айдын жоқ. Былтырғы жылы ауыл болып қосылып бөгелген, биыл тағыда су шайып кетті. Алдағы уақытта осы мәселені шешіп беруді сұрайды |
С.Ганиев С.Қадыршинов |
Баланста жоқ котловандарды жөндеуге бюджеттен қаражат қарастырылмаған, ауылдың шаруашылықтары котлаванды бөгеу жұмыстарын ұйымдасатын болса, техникадан көмек беріледі |
|
18. |
|
М. Мажиров Ауылдың кіре берісіндегі «USHTOGAI» деген жазудың жөндеуге көмек сұрайды |
С.Қадыршинов |
Ауыл әкіміне тапсырылып, алдағы уакытта ауылдық округтің шаруашылықтарының көмегімен шешімін табады |
|
19. |
Тасты ауылы |
Ә. Саматов Тасты ауылының көше шамдарын жаңарту туралы |
С.Ганиев
|
Тасты ауылында барлығы 4 көше бар, биыл барлық көшелерді қамтып, 36 жарық шамдарын жаңарту жұмыстары жүргізіледі |
|
20. |
|
Н. Ізтілеуов Қарынсалды ауылына баратын жолды жөндеу туралы |
С.Ганиев
|
Қазіргі уақытта Амангелді ауданы «Державин-Карынсалды-Горняк» KP-AN-5 аудандық маңызы бар автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізуге техникалық құжаттамасына 2025 жылдың 01 сәуір айында ведомстволық қортынды (оң нәтиже) алынды. Ақша қаражаты - 1 880 923 534 т. Жөндеу жұмыстары 2026 жылы жүргізілед |
|
21. |
|
М.Жәуке Тасты ауылында медициналық пункт ашу туралы |
Қ.Баженов Ж.Каканова |
Тасты ауылына ФАП құрылысын салу жұмыстарына бюджеттен қаражат қаралмаған, алайда жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен ФАП құрылысын салу жоспарда бар |