Конкурстың ұйымдастырушысы: «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ;
Орналасқан жері: Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 85, 1 қабат, каб. 5;
Пошталық мекен-жайы: 110000, Тәуелсіздік көшесі 85, 1 қабат, каб. 5;
Электрондық пошта мекенжайы: upp@kostanay.gov.kz;
Байланыс телефоны: 8 (714-2) 902-058, 902-060;
Конкурстың нысанасы: «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде ісін жаңа бастаған және ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге (экономиканың басым секторларында, өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру»;
Конкурс нысаны: ашық конкурс;
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орындары: «электрондық үкіметтің» веб-порталы eGov.kz. субсидиялаудың ақпараттық жүйесі Qoldau.kz.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша өтінім және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын eGov.kz "электрондық үкімет". /ақпараттық субсидиялау жүйелері Qoldau.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.
Конкурстық құжаттаманы ұсыну мерзімі:2020 жылғы 9 қарашадан 18 қарашаға дейін жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін (жергілікті уақыт), түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14: 30-ға дейін.
Өтінімдерді тапсыруды бастаған күні мен уақыты: 2020 жылғы 9 қараша сағат 10:00-ден бастап (жергілікті уақыт).
Өтінімдерді тапсыруды аяқтау күні мен уақыты: 2020 жылғы 18 қараша сағат 13:00-ге дейін (жергілікті уақыт).
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін өтінімдер беру жөніндегі бейне нұсқаулықпен және мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ-нің ресми интернет-ресурсынан танысуға болады.