«Амангелді ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №121 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2025 жылғы наурызда жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне кірістер 2 268 718,3 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 883 110,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 38 032,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 1 347 376,3 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 25 969 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 66 844 мың теңге;
Шығындар – 2 415 224,7 мың теңге.
Кірістер бойынша 2025 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер жоқ.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 6 000,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 197,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.