Мәслихаттың 2023 жылғы 5 желтоқсандағы № 62 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Амангелді аудандық  мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 5 желтоқсанындағы № 62 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10133-10 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 – қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

                                                                              Мәслихаттың шешіміне

                                                                              қосымша

 

                                                                                  

                                                                            2023 жылғы 5 желтоқсандағы

                                                                           № 62 маслихаттың  шешіміне                           

                                           1-қосымша

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту

 

 1.Жалпы ережелері

 Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

  1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты «бір терезе» қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

2) арнайы комиссия - мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

3) әлеуметтік көмек - жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек;

4) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган - ауданның әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

5) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, «Қазпошта» акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

6) ең төмен күнкөріс деңгейі - шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

7) жан басына шаққандағы орташа кіріс - отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

8) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

9) мерекелік күндер (бұдан әрі - атаулы күндер) - Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

10) уәкілетті мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

11) учаскелік комиссия - атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп-қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

12) шекті мөлшер - әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

13) цифрлық құжаттар сервисі - «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

14) «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қолжеткізудің «ортақ терезесі» дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

  1. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет, жылына 1 рет) көрсетіледі.

4.Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

1)Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан;

2) Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні - 26 сәуір;

3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр;

4) Жеңіс күні - 9 мамыр;

5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні - 29 тамыз;

6) Тәуелсіздік күні -16 желтоқсан.

 

  1. Алушылар санаттарының тізбесін айқындау тәртібі мен әлеуметтік көмектің мөлшерін белгілеу

 

 

  1. Мереке күндер мен атаулы күндеріне әлеуметтік көмек табыстарын есепке алмай, бір рет, азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:

1)Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Демократиялық Ауғанстан Республикасынан шығару күні - 15 ақпан:

Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі - КСР Одағы) Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда), олар бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес Ауғанстан 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде осы елге жүктерді жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағы аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшып шыққан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет көрсеткен, жараланған, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған жұмысшылар мен қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде немесе ұрыс қимылдары жүргізілген Ауғанстанда әскери қызмет өткеру кезінде сырқаттану салдарынан алған жарақаттану, контузия алу, мертігу салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңінде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

2) Халықаралық Чернобыль апатын еске алу күні - 26 сәуір:

1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

1988 - 1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркімен көшкен) адамдарға қоныс аудартқан күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

сәуле ауруы салдарынан қайтыс болған немесе мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың әсеріне байланысты қайтыс болған азаматтардың отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

3) Отан қорғаушылар күні - 7 мамыр:

Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілеріне, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдарына осы Ереженің 5-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген адамдарды қоспағанда, бұрынғы КСР Одағы үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде; қатысқан (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда);

1992 жылғы қыркүйектен бастап 2001 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде Тәжік-ауған учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

2003 жылғы тамыздан бастап 2008 жылғы қазанға дейінгі кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясына бітімгершілер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

1986 - 1991 жылдар кезеңінде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағының ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде әскери қызмет өткеру кезінде науқастануы салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан не ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауға байланысты науқастануы салдарынан мүгедектігі белгіленген бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

басқа елдерде әрекет еткен әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргізу кезеңінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы не ауруы салдарынан мүгедектігі белгіленген тиісті санаттағы жұмысшылар мен қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде жаралану, контузия алу, зақымдану, ауруға шалдығу салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

4) Жеңіс күні - 9 мамыр:

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 5000000 (бес миллион) теңге мөлшерінде;

жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдарға:

әскери қызметшілерге, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы кезеңінде қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеп тұрған армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда қызмет өткерген бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, әскерлер мен ішкі істер және бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының еркін жалдамалы құрамының адамдарына, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмыс істеп тұрған армия құрамына кірген әскери бөлімдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдарды атқарғандарға, немесе қорғанысқа қатысуы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жеңілдікті шарттармен зейнетақы тағайындау үшін еңбек сіңірген жылдарына есептелген қалаларда тиісті кезеңдерде болған адамдарға; жұмыс істеп тұрған армия бөлімдерінің әскери қызметшілері үшін белгіленген 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жұмыс істеп тұрған армия мен флоттың құрамына кірген бөлімдер, штабтар мен мекемелер құрамында полктер мен юнгалардың ұлдары (тәрбиеленушілері) ретінде болған адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашистік Германияға және оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына шет елдердің аумағында партизандық жасақтар, жасырын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Байланыс жолдары халық комиссариатының, Халық байланыс комиссариатының, және көлік кемелерінің жүзу құрамын және авиацияның ұшу-көтеру құрамын, бұрынғы КСР Одағының, теңіз және өзен флотының балық өнеркәсібі халық комиссариатының, Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшілердің жағдайына ауыстырылған және жұмыс істеп тұрған майдандардың тыл шекаралары шегінде жұмыс істеп тұрған армия мен флоттың мүддесі үшін міндеттерді орындаған Бас көтерме жолдың ұшу-көтеру құрамы, жедел аймақтарының мүшелеріне, сондай-ақ көлік флоты кемелері экипаждарының мүшелеріне, Ұлы Отан соғысының басында басқа мемлекеттердің порттарында интернатталған 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралану, контузия алу, мертігу салдарынан немесе майданда болуға байланысты ауру салдарынан мүгедектігі анықталған әскери қызметшілерге 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының қызметтік міндеттерін орындау кезінде алған жарақаттануы, контузиясы, мертігуі салдарынан не майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедектігі анықталған басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарының кәмелетке толмаған тұтқындарына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

Ленинград қаласында қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен марапатталған азаматтарға 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

жойғыш батальондардың, взводтар мен халықты қорғау жасақтарының жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы адамдарға, Украина КСР аумағында 1944 жылғы 1 қаңтардан 1951 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде Беларусь КСР-і, Литва КСР-і, Латвия КСР-і, Эстон КСР-і, олардың жарақаттануы салдарынан мүгедектігі осы батальондарда, взводтарда, жасақтарда қызметтік міндеттерін орындау кезінде алынған контузиялар немесе мертігулер, 60000 (алпыс мың) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналарына және қайтадан некеге тұрмаған (тұрмысқа шықпаған) жесірлеріне 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның жұбайына (зайыбына) немесе Ұлы Отан соғысы кезеңінде алған жаралануы, контузиясы, мертігуі немесе ауруы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамға, сондай-ақ жұбайына Ұлы Отан соғысына қайтыс болған қатысушының, партизанның, астыртын қызметкердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғынына» белгісімен марапатталған, жалпы ауру, еңбек жарақаты және басқа да себептер нәтижесінде мүгедектігі бар адамдар деп танылған азаматтың (зайыбының) қайта некеге тұрмаған (құқыққа қайшы адамдарды қоспағанда) 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ жұмыс істеген адамдарға 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай қызмет атқарғандарға және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін (қызметтік міндеттерін) атқару кезінде жаралану, контузия алу немесе зақымдану салдарынан немесе майданда болуына байланысты науқастану салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің, партизандардың, астыртын қызметкерлердің, Заңның 4 - 6-баптарында көрсетілген адамдардың отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жергілікті әуе қорғанысының объектілік және авариялық командаларының өзін-өзі қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасыларына, Ленинград қаласының госпитальдері мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

қоғамға жат көріністерге байланысты төтенше жағдайлар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, бұрынғы КСР Одағының Қорғаныс министрлігінің, ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының әскери міндеттілерінің жиындарына шақырылған басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

бейбіт уақытта әскери қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 50000 (елу мың) теңге мөлшерінде;

келесі санаттағы тұлғаларға, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

Социалистік Еңбек ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне;

«Қазақстанның Еңбек Ері», «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған адамдарға.

5) Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні - 29 тамыз:

азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен аварияларды жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тікелей қатысқан адамдарға 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға және ата-анасының біреуінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық жағынан байланысты мүгедектігі бар олардың балаларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты азаматтардың отбасыларына 100000 (жүз мың) теңге мөлшерінде.

6) 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні:

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысушылар қатарынан  саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына 200 000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде.

  1. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) Заңның 8-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарды қоспағанда, ардагерлерге және Заңның 5, 6, 7, 8-баптарында көрсетілген басқа да адамдарға табысын есептемегенде, ай сайын 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, табысын есепке алмай, ай сайын, ең төменгі күнкөріс деңгейінің екі еселенген мөлшерінде;

4) туберкулез ауруынан зардап шегетін және амбулаториялық емделуде жатқан адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

5) мүгедектігі бар адамдарға олардың оңалту орталықтарына және  санаторийларға баруына мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, тоқсан сайын, 4 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

6) білім беру гранттарының иегерлері, мемлекеттік бюджет төлемдерінің өзге де түрлерін алушылар болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, алғашқы техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі не жоғары білім (бұдан әрі - білім) алушы тұлғаларға, оның ішінде:

өтініш берудің алдындағы соңғы он екi айда Қостанай облысы бойынша белгіленген ең төмен күнкөрiс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың күндізгі оқу нысанындағы жастарына;

табыстарын есепке алмай, жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен оқуын жалғастыратын халықтың әлеуметтiк жағынан әлсiз топтарына жататын күндізгі оқу нысанындағы жастарға;

табыстарын есепке алмай, мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында ұсынымы бар, мүгедектігі бар адамдарға Қазақстан Республикасының оқу орындарында білім алуына байланысты, нақты құны бойынша оқу ақысын төлеу үшін оқу жылы ішінде жартыжылдықта бір рет аударылатын 400 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

7) мүгедектігі бар адамдарға жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, бір рет, 50 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

8) табыстарды есепке алмағанда, дәрілік заттарды сатып алуға байланысты шығындарын өтеу үшін мүгедектігі бар адамдарға жылына 1 рет, нақты шығындар мөлшерінде, 30 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде;

9) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне, табыстарын есепке алмай, бір рет 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

10) өрттің зардаптарын жою кезінде зардап шеккен азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруіне байланысты, табыстарын есепке алмай, бір рет 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

11) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасына тұрмыстық қажеттіліктеріне, жылына 1 рет, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

12) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні еңбек мобильділігі орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

13) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға табыстарын есепке алмай, бір мезгілде 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

14) мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер порталы арқылы санаторийлік-курорттық емделуді ұсынатын ұйымдарға бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға оларды санаторийлік-курорттық емделуге алып жүретін адамдардың шығындарын өтеуге, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес, табыстарын есепке алмай, жылына 1 рет, емдеу рәсімдерін қоспағанда, тұру және тамақтану үшін нақты шығындар мөлшерінде, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган тиісті қаржы жылына айқындайтын, мүгедектігі бар адамдардың оларды әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асыру барысында санаторийлік-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың жетпіс пайызынан артық емес;

15) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, 5, 6-баптарда, 1) тармақшаларда көрсетілген ардагерлерге - Заңның 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының шегінде санаторий-курорттық емделуге жолдаманың нақты құнын өтеуге, табысты есепке алмай, жылына 1 рет, бірақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын, тиісті қаржы жылына арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы мүгедектігі бар адамдарға санаторий-курорттық емделу құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдендірілген сомадан аспайтын мөлшерде.

Санаторий-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеу «Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шара туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 510 шешімімен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 тіркелген) белгіленген заттай нысанда жазбаша бас тартқан жағдайда беріледі.

  1. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

1) дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруі;

2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіруі;

3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

4) жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

5) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

6) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

Дүлей апат немесе өрт салдарынан мүлкіне залал келтірілген болса, әлеуметтік көмек залал келтірілген мүлік орналасқан жер бойынша меншік иесінің тіркелген жеріне қарамастан көрсетіледі.

  1. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі Қостанай облысы бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде белгіленсін.
  2. Оқу ақысын төлеуге әлеуметтік көмек бір білім алуға көрсетіледі.
  3. Осы Қағидалардың 7-тармағының 1), 2) және 7) тармақшаларымен көзделген әлеуметтік көмек көрсетілген оқиғалар басталған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей көрсетіледі.
  4. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

 

  1. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

 

  1. Мереке және атаулы күндерге әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы орган айқындайды.

Әлеуметтік көмек алушылардың тізімдері Мемлекеттік корпорацияға не өзге де ұйымдарға сұрау салу негізінде не уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінен электрондық түрде қалыптастырылады.

  1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан (немесе Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша өкілі) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға немесе кент, ауыл әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе порталға Үлгілік қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен электрондық түрде жүгінеді.

Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман Үлгілік қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «электрондық үкімет» шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі - АЖ) сұрау салуларды қалыптастырады.

АЖ-да мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде өтініш беруші өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:

1) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);

2) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер ұсынылмайды).

Осы Қағидалардың 6-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, алғаш рет жүгінген адамдар өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдардың ата-анасы не заңды өкілі адамның иммун тапшылығы вирусымен ауыру фактісін растайтын құжатты ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдар туберкулезбен ауыру және амбулаториялық емделуде болу фактісін растайтын құжатты ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар оңалту, санаторийлік-курорттық емделу фактісін және жол жүру құнын растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағы 6) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген адамдар оқыту фактісін, оның құнын және мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасын растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар медициналық ұйым берген қызмет көрсетуді (жедел емдеуді) растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар дәрігер растаған ағымдағы жылға рецептуралық бланкінің көшірмесін және кассалық және/немесе тауар  чегін  ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 9), 10) тармақшаларында көрсетілген адамдар дүлей апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжатты ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 11), 12) тармақшасында көрсетілген адамдар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы табыстары туралы мәліметтерді, қайтыс болу фактісін, сондай-ақ қайтыс болған кезде қайтыс болған адамның жұмыссыз ретінде тіркелу фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген адамдар бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінде есепте тұру фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 14) тармақшасында көрсетілген адамдар санаторлық-курорттық емделуге ақы төленгенін растайтын құжаттарды, санаторлық-курорттық ұйым бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға және оны алып жүретін адамға берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін ұсынады.

Осы Қағидалардың 6-тармағының 15) тармақшасында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік мәртебесін, санаторий-курорттық емделуге ақы төленгенін, санаторий-курорттық ұйым берген орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісін растайтын құжаттарды ұсынады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексергеннен кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

 Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде өтініш берушіге Үлгілік қағидаларға 1-3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

Өтініш беруші әлеуметтік көмекке портал арқылы электрондық түрде жүгінген кезде қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-не сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.

Бұл ретте өтініш беруші мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-нен келіп түскен электрондық өтінішті және мәліметтерді өзінің ЭЦҚ-сымен куәландырады.

  1. Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап тағайындалады.
  2. Құжаттарды қарау тәртібі, әлеуметтік көмек көрсету мерзімдері, әлеуметтік көмекті төлеуден бас тарту, тоқтату негіздері, артық төленген сомаларды қайтару және әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Үлгілік қағидалардың 13-24-тармақтарына сәйкес  айқындалды.
  3. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
  4. Атаулы күндер мен мереке күндеріне төленетін әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын қалыптастыру үшін әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган зейнетақы мен жәрдемақы алатын (белсенді) азаматтардың мәліметтерін алуға уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелеріне сұрау салуға бастама жасайды.

Зейнетақы мен әлеуметтік көмек көрсету жәрдемақысын алушылар жөніндегі мәліметтер Үлгілік қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырылады.

  1. Әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылдаған кезде уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйелері арқылы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік көмекті мемлекеттік корпорация арқылы төлеу процесіне бастама жасайды.
  2. Әлеуметтік көмек төлеуге байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу мемлекеттік корпорация мен әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган арасында жасалатын шарт негізінде жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
06 февраля 2025