«Амангелді ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №121 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2025 жылғы ақпанда жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне кірістер 2 248 718,3 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 883 110,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 38 032,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 1 327 376,3 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 25 969,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 66 844,0 мың теңге;
Шығындар – 2 398 713,1 мың теңге.
Кірістер бойынша 2025 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер жоқ.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Абаттандыру жұмыстарына 10 684,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 6 200,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.
- Көлiк және коммуникация. Жолдардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету жұмыстарына 22 300,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.