ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ АКИМАТ
АМАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ АМАНГЕЛЬДИНСКОГО РАЙОНА
ӘКІМДІГІ КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТИ
ҚАУЛЫ ПОСТАНОВЛЕНИЕ
«25» шілде 2023 жыл № 104
Амангелді селосы село Амангельды
|
Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 48 «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы |
|
Амангелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
1) жоғарыда көрсетілген ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін оны Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
|
Аудан әкімі |
|
Т.Карбозов |
Әкімдіктің 2023 жылғы « » шілдедегі № «Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 48 «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына
өзгеріс енгізу туралы» қаулысына
КЕЛІСУ ПАРАҒЫ
Әкімдік мүшелері:
_________________С.Ғаниев
_________________М. Қаласов
_________________А. Ибраев
_________________М. Сакетов
_________________А. Шукенов
|
«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекттік мекемесінің құқықтық және құжаттамалық бөлімінің басшысы
________________М.Мундыбеков |
|
|
КЕЛІСІЛДІ:
|
Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысы
А.Қайырбеков
|
|
Әкімдіктің 2023 жылғы « » шілдедегі № «Амангелді ауданы әкімдігінің 2022 жылғы
5 наурыздағы № 48 «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ р/с |
Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтер тізбесі |
Жобаны әзірлеушінің мәліметтері |
|
1 |
Аудан әкімдігі қаулы жобасының атауы |
«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы |
|
2 |
Мемлекеттік-әзірлеуші орган |
«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
|
3 |
Жобаны қабылдауға қажет негіздер |
«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге өзгеріс енгізу |
|
4 |
Қандай заңнамалық актілер, Президент және ҚР Үкіметінің актілері, басқа актілер мен тапсырмалар жобаға енгізіледі |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысы |
|
5 |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту |
|
6 |
Жобаны қабылдағанда ұсынылатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтар негіздер |
Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту |
|
7 |
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар |
Жобаны іске асыруға қаржы шығындарын талап етпейді |
|
8 |
Жобада көрсетілген мемлекет органы басшысының құзырына кіретін рұқсатнамалардың болмау себебі |
Барлық қажетті рұқсатнамалар бар |
|
9 |
Жобада қарастырылған мәселелер бойынша бұрын қандай актілер қабылданды және олар қалай орындалды |
- |
|
10 |
Жобаға сәйкес басқа актілерді келтіру қажеттілігі |
Басқа актілерді жобаға сәйкес келтіру қажет емес |
|
11 |
Басқа да мәліметтер |
-
|
|
Амангелді ауданы әкімі аппаратының басшысы
А.Қайырбеков |
|
Әкімдіктің
2023 жылғы «25» шілдедегі
№ 104 қаулысына қосымша
Әкімдіктің
2022 жылғы «5» наурыздағы
№ 48 қаулысымен бекітілген
«Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Егер Амангелді ауданы әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) мемлекеттік егемендікті, конституциялық құрылысты қорғау және нығайту, Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын өмірге енгізу;
2) заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтық таным деңгейін арттыру және елдің қоғамдық - саяси өмірінде олардың белсенді азаматтық көзқарас ұстануы бойынша шараларды жүзеге асыру;
3) аудандағы мемлекеттік, әлеуметтік-экономикалық саясат пен әлеуметтік және экономикалық үдерістерді басқарудың негізгі бағыттарын жүзеге асыру, осы мақсатта барлық атқарушы билік органдарының келісіп қызмет етуін қамтамасыз ету.
1) құқықтары:
аудан әкімінің және әкімдігінің мүдделерін білдіру;
өзінің құзіреті шегінде сұратуларды жіберу және мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалар мен өзге ұйымдардан аудан әкімінің және әкімдігі құзыретінің мәселелері бойынша қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды алу;
өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша аудан аумағында орналасқан ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар беру (келісім бойынша);
тиісті аумақта басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік басқару органдарымен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Президенттің, Үкіметтің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;
тиісті аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттіліктерімен қатар атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз етуде аудан әкіміне, әкімдігіне көмек көрсету.
1) «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінде, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдау жүргізеді;
2) аудан әкімдігінің отырыстарын, аудан әкімі мен оның орынбасарларының кеңестерін, семинарлар мен өзге де іс-шараларды және дайындау мен өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, кеңестердің материалдары мен хаттамаларын ресімдеуді және таратуды жүзеге асырады;
3) аудан әкімінің және әкімдіктің іс қағаздарын, соның ішінде құпиялы іс қағаздарын жүргізуді нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүргізеді;
4) әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын, «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарын дайындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және орталық мемлекеттік органдарының, сондай-ақ облыс, аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
6) аудан әкіміне бағынысты мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылын және қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
7) заң қызметінің әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге тікелей қатысуын қамтамасыз етеді, аудан әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерін қабылдауды, мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ жинауды, сақтауды және есепке алуды қамтамасыз етеді;
8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіпте әкімдік бөлімдері шығарған әкімшілік актілерге, әкімшілік әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдарды қарауды жүзеге асырады;
9) ақпараттық қоғам жағдайында мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын ұйымдастыратын әкімдіктің интернет-ресурсын қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді;
10) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың кадрларының мониторингін жүзеге асырады;
11) бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстар өткізуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
12) жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік теріс қылықтарын қарау жөніндегі бірыңғай тәртіптік комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
13) ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
14) функционалдық блоктар бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын бөлу жөніндегі бірыңғай комиссияның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады;
15) аудан әкімі аппаратының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды, тағылымдамадан өтуді, тәлімгерлікті, қызметін бағалауды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
16) жұмылдыру дайындығы, терроризмнің алдын алу, азаматтық қорғау, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады;
17) әкім және әкімдік шығарған актілерді тіркеуді жүргізеді, тиісті ресімдеуді және таратуды қамтамасыз етеді;
18) құжаттамалық қамтамасыз етуді, оның ішінде тиісті құжат айналымын ұйымдастыру, ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту жолымен жүзеге асырады, іс жүргізу ережелерінің сақталуын бақылау және мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
19) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды, тіркеуді және есепке алуды жүзеге асырады, аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының және Амангелді ауданы әкімі аппараты басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастырады;
20) аудан әкімдігіне келіп түсетін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің сапасына, қарау мерзімдеріне бақылауды жүзеге асырады;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруды қамтамазыз ету. Мемлекеттік қызметтерді көрсету;
22) жергілікті деңгейде ақпараттық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
23) өңірлік деңгейде мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру бойынша іс-шаралар өткізеді;
24) мемлекеттік наградалармен, аудан және облыс әкімінің грамотасымен марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды дайындауды ұйымдастырады;
25) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сайлауды өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық дайындықты және іс-шараларды жүзеге асырады;
26) алқабилерге кандидаттардың алдын ала тізімдерін жүргізу және өзектілендіруді қамтамасыз ету арқылы қылмыстық сот ісін жүргізуде алқабилердің қатысуымен байланысты қоғамдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;
27) әкімшілік-аумақтық құрылым саласында мемлекеттік саясатты іске асырады, облыс әкімдігіне ауданның әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
28) мемлекеттік құпияларды қорғау;
29) өзінің құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;
30) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін білдіреді;
2) «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиісті шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
4) «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады;
5) бұйрықтар шығарады;
6) қызметтік құжаттамаға қол қояды;
7) «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын «Амангелді ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін тағайындайды, босатады, тәртіптік жазаға тартады және оларға қатысты көтермелеу шараларын қолданады;
8) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
9) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Амангелді ауданы әкімі аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.