Азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті атқарушы органдар азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеуді көздейтін жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларын әзірлейді.

2016 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар Заңның 9-бабының 6) тармақшасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді (ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде).

Заңды іске асыру мақсатында 2016 жылғы 13 маусымда Министрдің № 498 бұйрығымен бекітілген Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидалары қабылданды.

Анықтама:

Мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлерінің жылдық орташа саны бар кәсіпкерлік субъектілері үшін квота:

- 50-ден 100 адамға дейін - 2% мөлшерінде;

- 101-ден 250 адамға дейін - 3% мөлшерінде;

- 250 адамнан артық - 4% мөлшерінде.

Қазіргі уақытта мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа күн тәртібі аясында негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленді. Ол «2020-2021 жылдарға мүгедектгі бар адамдардың экономикалық белсенділігі үшін мүмкіндіктер жасау» жобалық кеңсе аясында іске асырылады.

Осыған байланысты, квота аясында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысты жандандыру қажет.

Сондай-ақ, кәсіпорындармен қолданыстағы заңнаманы сақтау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет.

 

Амангелді ауданы әкімдігінің

жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар  бөлімі

Дата публикации
20 октября 2020