Мәслихаттың 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №121 «Амангелді ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Амангелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Амангелді аудандық мәслихатының «Амангелді ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №121 шешіміне, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №205446 болып тіркелген, мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Амангелді ауданының 2025 - 2027 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 2 243 741,0 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсімдер бойынша – 883 110,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 38 032,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 200,0 мың теңге;

трансферттер түсімі бойынша – 1 322 399,0 мың теңге;

2) шығындар – 2 243 741,0 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 40 875,0  мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер –  66 844,0 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 25 969,0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –0,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу –0,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 40 875,0 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 40875,0 мың теңге.».

көрсетілген шешімнің 1- қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
13 января 2025