2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2025 – 2027 жылдарға бюджетіне кірістер 587 265,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 83 300,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер –900,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 502 865,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 0,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 0,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 300 626,0 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 107 657,0 мың теңге.
- Көлiк және коммуникация. 178 982,0 мың теңге.