2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
«Қостанай облысының 2025 – 2027 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2024 жылғы 17 желтоқсандағы №185 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2025 жылға 667 млн. 271 мың теңге сомасында белгіленді.
Аудан бюджетіне кірістер 2 243 741,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 883 110,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 38 032,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 1 322 399,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 25 969,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 66 844,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 670 089,0 мың теңге.
- Қорғаныс. 21 093,0 мың теңге.
- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру. 315 805,0 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 7 500,0 мың теңге
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 499 434,0 мың теңге.
- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары. 74 547,0 мың теңге.
- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі. 28 595,0 мың теңге
- Көлiк және коммуникация. 132 944,0 мың теңге.
- Басқалар. 65 594,0 мың теңге.
- Борышқа қызмет көрсету. 20 996,0 мың теңге.
- Трансферттер. 407 144,0 мың теңге.