Мемлекеттік қызмет жеке адамдардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын нысандардың бірі. Атқарылатын қызмет электронды үкімет egov.kz веб порталында электрондық цифрлы қолтаңба көмегімен онлайн тапсырыс беруге негізделген. Тасты жалпы білім беретін мектебіміздің информатика кабинетінде арнайы электрондық қызыметтерді алуға арналған сервистер яғни, «электрондық үкімет» порталы еqov.kz қызмет стенді ілінген және өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы орналасқан. Мектептің дәлізінде мемлекеттік қызмет көрсету стенді ілініп тұр.
Мектепке оқушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау электронды және қағаз түрінде жүргізілді. Шағын орталыққа – 9-тәрбиеленуші қабылданса, 1 сыныпқа- 6 оқушы, 10-сыныпқа 9 оқушы қабылданды. Мектепке қабылдау SAKURA egov порталы арқылы және индиго электронды үлгіде қызмет көрсетіліп отыр.
«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік қызметі электрондық нысанда жүргізілді. Лагерге 2 баланың өтініші қабылданды.
«Педагогтерді аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 7 өтініш түсті.
Ата аналар үшін Egov порталымен ЭЦП кілті арқылы кіріп, өзімізге қажетті құжаттарды алу жолдары арқылы жұмыс жасалды.
Жалпы мемлекеттік қызмет бойынша 2024 жылында 33 (отыз үш) қызмет көрсетілді.
Әр айдың соңында мемлекеттік қызмет бойынша тиісті орынға есеп тапсырылып отырылады.
Орындаушы: Әлеуметтік педагог К.К.Койгельдина