2024 жылғы 20 тамызда сағат 18.00-де Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округі және Ақсай ауылы әкімдеріне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.
Қарасу ауылдық округі және Ақсай ауылы бойынша барлығы 6 кандидат ұсынылды. Барлық кандидаттар «өзін-өзі ұсыну» тәсілімен ұсынылды.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу іс-шаралары жүргізілуде, күнтізбелік жоспарға сәйкес тіркеу 2024 жылдың 25 тамызында сағат 18.00-де аяқталады.