Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, «Амангелді ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 89, № 90, № 91 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде ШЕШТІМ:
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілерді (сумен жабдықтау) салу үшін жалпы алаңы 0,0040 гектар;
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (кәріз) салу үшін жалпы алаңы 0,0072 гектар;
Амангелді ауданы, Амангелді ауылдық округі, Амангелді ауылындағы бір қабатты бір пәтерлі тұрғын үйлерге сыртқы инженерлік желілер (электрмен жабдықтау) салу үшін жалпы алаңы 0,0247 гектар.
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Амангелді ауылдық округінің әкімі |
|
Г.Жандильдина |