Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес ШЕШТІМ:
- «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына В2В сегменті үшін талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында жалпы алаңы 0,0810 гектар жер учаскесіне Амангелді ауданы, Байғабыл ауылдық округі, Байғабыл ауылы, Құлымбетов көшесі, 16 мекенжайы бойынша қауымдық сервитут белгіленсін.
- «Амангелді ауданының Байғабыл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Байғабыл ауылдық округінің әкімі
|
|
А. Зейнолдин
|