Амангелді ауданының 2024-2026 жылдарға арналған
Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
«Амангелді ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №64 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2024 жылғы сәуірде жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне кірістер 4 170 390,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 819 927,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 46 758,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 3 303 601,4 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 21 168,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 71 994,0 мың теңге;
Шығындар – 4 078 808,9 мың теңге.
Кірістер бойынша 2024 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер жоқ.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 2 500,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.