ҚҰРМЕТТІ ҚОҒАМДЫҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫ!

ҚҰРМЕТТІ ҚОҒАМДЫҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР БАСШЫЛАРЫ!

 

Амангелді аудандық  Ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі ММ  ҚР «Комерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 бабының 5 тармағына сәйкес жекеше мекеме, қоғамдық бірлестік, комерциялық емес акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жекеше қорлар, заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестігі нысанында құрылған комерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ шетелдік және халықаралық комерциялық емес ұйымдардың Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын (оқшауланған бөлімшелері) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өз қызметі туралы, оның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаның қалыптасу көздері және жұмсалу бағыттары туралы мәліметтерді жыл сайын  31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министірлігі –уәкілетті органға ұсынады.

Сіз  ақпаратты – ҮЕҰ «Деректер-қоры» ақпараттық ресурсы  (infonpo.gov.kz)  пошта немесе қолма қол қағаз және электрондық  тасығыштар арқылы жолдай аласыз.  Естеріңізге саламыз, мәліметтерді ұсынбау, жауапкершілікке әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады: ҚР Кодексімнің 489-1 бабы: 1 тармағы – ескерту, 2 тармағы – қайта бұзушылық үшін  жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға немесе қызметті үш ай мерзіміне тоқтата тұруға әкеп соғады.

                          Деректер базасына өз қызметі туралы мәліметтер

беруге жататын ҮЕҰ тізімі

  1. «Амангелді» қоғамдық қоры
  2. «Сатыбалды ишан»  қоғамдық қоры
  3. «Туған жер Қабырға» қоғамдық қоры         
  4. «Шуақты күн-2019» қоғамдық қайырымдылық қоры
  5. «Амангелді аудандық жастар кеңесі» қоғамдық бірлестігі
  6. Амангелді ауданының «Топжарған» қоғамдық бірлестігі
  7. «Арай Амангелді ауданы шағын кәсіпкерлерінің бірлестігі» қоғамдық бірлестігі
  8. «Қайнар Амангелді аудандық жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі
  9. Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округін әлеуметтік –экономикалық дамыту жөніндегі» қоғамдық қоры

Барлық туындаған сұрақтар бойынша 22-0-20

телефонына хабарласа аласыздар.

                                           

Дата публикации
26 марта 2024