Амангелді аудандық сайлау комиссиясының Қаулысы

2020 жылдың 13 қазанына  Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округі  әкімінің сайлауын тағайындау  туралы

Қазақстан Республикасының 23 қантар 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 36-1 бабы, 2 тармағы, 1 тармақшасына сәйкес Амангелді ауданының  Қарасу ауылдық округі   әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты Амангелді аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Амангелді ауданының Қарасу ауылдық округі әкімінің  сайлауы  2020 жылдың 13 қазанына тағайындалсын.
  2. Мерзімдер белгіленсін:

1) әкімдікке  кандидаттарды  ұсыну 2020 жылғы  13 қыркүйектен   17 қыркүйек аралығында;

2) әкімдікке  кандидатарды тіркеу 2020 жылғы  13 қыркүйектен   27 қыркүйек аралығында.

3.Қарасу ауылдық округі  әкімінің сайлауын әзірлеуге және өткізуге арналған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

  1. Сайлау шаралары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 23 қантар 2001 жылғы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өткізілсін.
  2. Осы қаулы Амангелді ауданының әкіміне және Амангелді аудандық маслихат хатшысына жолдансын.  
  3. Осы қаулы аудандық «Аманкелді арайы» газетінде жариялансын.

 

Амангелді ауылы

1 қыркүйек 2020 жыл

№11

Дата публикации
01 сентября 2020