Амангелді ауданының 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

Амангелді ауданының 2024-2026 жылдарға арналған

Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

 

«Амангелді ауданының 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №64 шешімімен бекітілді.

Аудандық бюджетті нақтылау 2024 жылғы ақпанда жоспарланып отыр.

Аудан бюджетіне кірістер 4 050 511,9 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:

Салықтық түсімдер – 819 927,0 мың теңге;

Салықтық емес түсiмдер – 46 758,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100,0 мың теңге;

Трансферттердің түсімдері – 3 183 723,3 мың теңге;

Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 21 168,0 мың теңге;

Қарыздардың түсімдері – 71 994,0 мың теңге;

Шығындар – 4 014 254,2 мың теңге.

Кірістер бойынша 2024 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер жоқ.

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. Абаттандыру жұмыстарына 1 500 мың теңге бағыттау жоспарлануда.

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 7 646 мың теңге бағыттау жоспарлануда.

- Көлiк және коммуникация. Жолдарды орташа жөндеу бойынша құжаттар дайындауға 1 122,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.

Дата публикации
28 февраля 2024