Амангелді ауданы бойынша бүгінге текті тіркелген 693 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде 85 сауда дүкендері, 4 кафе және 4 асхана тіркелген.
2023 жылы «Тобыл» АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік тұрақтандыру қорынан өнім іріктеу бойынша Амангелді ауданы кәсіпкерлері:
1 сортты ұн-18,5 тонна
Қарақұмық жармасы-0,34 тонна
Күріш-0,65 тонна
Қант-1,2 тонна
Күнбағыс майы-0,25 тонна
Макарон-0,34 тонна өнімдерін сатып алды.
Ауданымызда кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауыл аманаты бағдарламасы бойынша 2023 жылы 90 жеке кәсіпкер 2,5% несие алуға құжат тапсырған болатын, сонын ішінде 21 жеке кәсіпкер несие алды.
«Арнұр» шаруа қожалығы ауылға көмек бағдарламасымен 1 % үстемемен 55,5 млн. тенге несие алып 146 бас қазақ ақбас асыл тұқымды қашарларын сатып алды. "Дария" ШҚ ауылға көмек бағдарламасымен 1 % үстемемен 100,0 млн. теңге несие алып 160 бас жылқы сатып алынды. "Томи Нур" ШҚ ауылға көмек бағдарламасымен 1 % үстемемен 50,0 млн. теңге оның ішінде 25,0 млн. теңге түсті. 25,0 млн.теңге кредиттік қаражат түскеннен кейін "Абердин ангус" асыл тұқымды қашарларын сатып алу жоспарлануда.
"Хан" ШҚ - 50,0 млн. теңге, "Байғабылград" ШҚ - 40,0 млн.теңге 2 жоба "Даму" КДҚ қарауында, жалпы соммасы 90,0 млн. теңге.
2021 жылы гранттық қаржыландыру өтінімдерін қабылдау бойынша облыстық конкурстар өткізілді. «Аян» ЖК көлік жуу бекеті жобасы гранттық қаржыландыру есебінен 5 млн. теңге грант ұтып, жоба толығымен іске асып, жабдықталып жұмысын жасап, кеңейіп жатыр.
2022 жылы гранттық қаржыландыру өтінімдерін қабылдау бойынша облыстық конкурстар өткізілді. «Жомарт» ЖК құрама жем жобасы және «Мұхат» ШҚ қой, ешкі жүнін қайта өндіру арқылы тігін цехі жобасы 5 млн теңгеден гранттар ұтып алды. Қазіргі уақытта толығымен жабдықталып жұмыстарын жүргізіп жатыр.
2023 жылдың гранттық қаржыландыру өтінімдерін қабылдау бойынша облыстық конкурстар өткізілді. "ШАХ" ЖК жобасы, пластикалық бөтелкелер өндірісі мақұлданды. Қазіргі уақытта қажетті жабдықтар алу жұмытары жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 10 наурызы және 8 маусымында гранттық қаржыландыру өтінімдерін қабылдау бойынша аудандық конкурс өткізілді. Байқауға Амангелді ауданының 85 жеке кәсіпкері қатысып, қызмет көрсету, мал шаруашылығы және бос уақытты өткізу саласындағы жобалары бар. Байқау қорытындысы бойынша 8 жоба мақұлданды.