Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы»КММ –нің 2023 жылғы атқарылған есебі

Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Тілдерді оқыту орталығы»КММ –нің 2023 жылғы атқарылған есебі

 

                Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. «Алғыс айту күні» – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күні.  Соған байланысты, Амангелді аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдері  барша аудан халқына алғыс айтты.

         ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы номер-22-32-18.454 тапсырмасымен Мемлекет басшысының элеторалдық кезеңде берген жекелеген тапсырмаларын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен “Еркін ел ұрпағы” жалпыұлттық патриоттық диктантын іске қосу тапсырмасы бойынша Амангелді әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің “Тілдерді оқыту орталығы” КММ аудан тұрғындары арасынан 183 адамға диктантты ережесіне сай өткізді.

         «Мың бала» ғылыми- ағартушылық орталықтың ұйымдастыруымен Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай,  Амангелді аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

         “Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы” ММ ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында “Мемлекеттік тіл- мемлекеттік қызметте” байқауында Амангелді ауданы “Өлкетанушылар тобы” номинациясына ие болды. 

         Жаңаауыл жалпы білім беретін мектептің түлегі Сахан Әйгерім 10 тамыз Абай күніне орай Абайдың “Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат” өлеңін мәнерлеп оқыды.

         Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс- қимыл жоспарының 10.3 - тармағына сәйкес “Мың бала” республикалық мәдени ағартушылық жобасын өткізуіне байланысты Қазақстан халқы тілдер күніне орай “Мағжан Жұмабаев- заманның заңғар тұлғасы” атты жалпықазақстандық диктантын өткізу тапсырмасы бойынша Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің “Тілдерді оқыту орталығы”КММ аудан тұрғындары арасынан 100 адамға диктантты ережеге сәйкес өткізді.

         5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдер күніне орай Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің “Тілдерді оқыту орталығы” КММ ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында “Сөз тапқанға…”атты интеллектуалдық сайыс өткізді.
Сайыстың мақсаты: -Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды:
1. Мәнерлеп оқу
2. Сөз мағынасы
3. Мақал - сөздің мәйегі
4. Әдебиет әлемінде.
Қатысушылар 4 топқа бөлінді.(әр топта 2 адамнан) Әділ - қазылар алқасының шешімімен 1 орынды 2 топ :
Өтегенов Медет Өтегенұлы(АІІБ)
Бақытжанов Нұрбек Фарманұлы(АІІБ), 2 орынды 3 топ:
Акбанов Дәурен Сыздықбайұлы (АІІБ)
Нуртазин Нурболат Токтарович (аудандық өрт сөндіру бөлімі), 3 орынды 1 топ: Махатов Асылан Кәрімжанұлы(аудан әкімшілігі), Лазимов Сұңқар Өлеңбайұлы(АІІБ) және 4 топ: Мұхтар Арман Жәнібекұлы(аудандық өрт сөндіру бөлімі), Абдижамалова Наима Нурахметовна(аудан әкімшілігі) иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.

         Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай “Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы” ММ ұйымдастыруымен үш тілді меңгерген жастар арасындағы “Тіл шебері” облыстық байқауында Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің “Тілдерді оқыту орталығынан” КММ барған қатысушымыз Тұрмағанбетова Гүлім Абзалқызы жүлделі 3-орынмен марапатталды. Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

         Аманкелді аудандық тілдерді оқыту орталығының штаттан тыс қызметкері Үрпек ауылдық округінің оқытушысы Жандильдина Нурлыгүл Жанибекова Республика күніне арналған “Менің Отаным Қазақстан” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
Сайыстың мақсаты:
Жас буынды елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Сынып сағат төрт бөлімнен тұрды:
1. "Менің Отаным Қазақстан" презентация көрсетілімі.
2. "Постер әдісі” арқылы Қазақстан жайлы мәліметтермен бөлісу. 1- топ "Қазақстан кеше", 2- топ "Қазақстан бүгін", 3-топ "Қазақстан ертең" такырыптарында постер қорғау.
3.”Кім еліміз туралы көп біледі" сұрақ- жауап сайысы.
4.Қорытынды. "Жүректен жүрекке" топер әдісі арқылы ой жинақтау.
Сынып сағаты бағдарлама бойынша өтті. Мақсаты толық ашылды.Оқушылар еліміз туралы білімдерін ортаға салып, болашағы туралы болжады. Іс шара барысында оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі көрінді,өз елінің тарихын жан-жақты білетіні, оны құрметтейтіні көрінді. ҚР туралы білімдерін тереңдете білді. Оқушылар жақсы әсер алып, сабақ соңында жүрекшелер арқылы жақсы тілектер арнады.

         Амангелді аудандық тілдерді оқыту орталығының штаттан тыс қызметкері Құмкешу ауылдық округінің оқытушысы Нұрханова Зүбайра Мұсақызы Республика күніне арналған “Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан” тақырыбында интеллектуалды сайыс өткізді.
Сайыстың мақсаты:
Өскелең ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілік,патриоттық және адамгершілік қасиеттер қалыптастыру,өз елінің тарихын білуге,оны қастерлеуге тәрбиелеу.
Білімділігі:Оқушылардың игерген білімдерін бекіту арқылы,Қазақстан Республикасы туралы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік мәні:Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін,қызығушылықтарын арттыру,адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Интеллектуалдық сайыстың бағдарламасы бес бекеттен тұрады:
1.”Қайырлы таң” бекеті
2.”Мен бастаймын,сен қоста” бекеті
3.”Ойлан тап” бекеті
4.”Тұлғаны тани біл” бекеті(ҚР ұлы тұлғалары туралы айту)
5.Қорытынды.
Сайыс бағдарлама бойынша өтті.Мақсаты толық ашылды.Оқушылардың интеллектуалды сайыс барысында Отанға деген сүйіспеншілігі артып,өз елінің тарихын жан-жақты білуге,оны құрметтеуге арналған сұрақтарға толық жауап беріп,ҚР туралы білімдерін тереңдете білді.Сайыс барысында өздерінің білім,білік дағдыларын жоғары деңгейде көрсетіп,сайыс бағдарламасы бойынша үздік деп танылған “Қырандар” тобы арнайы дипломмен марапатталса,өз деңгейінде жан-жақты білімдерін жақсы жағынан көрсете білген “Сұңқарлар”тобы алғыс хатпен марапатталды.Оқушылар интеллектуалды сайыстан жақсы әсер алып,дән риза болып тарасты.

         Аманкелді аудандық тілдерді оқыту орталығының штаттан тыс қызметкері Тасты ауылдық округінің оқытушысы Жаукин Сабитбек Мейрамханұлының ұйымдастыруымен 23 қазан күні "Республика күні" мерекесіне орай "Еңбегі - елге өнеге” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Елге еңбегі сіңген жандарды кейінгі ұрпақ ес­те сақтауы керек, ал нар тұлғаларды насихат­тап, өнегелі ғұмырын кейінгіге үлгі ету - парыз.
Республика күніне арналып өткізілген бұл кездесуге Тасты жалпы білім беретін мектебінің 11 сынып оқушылары мен тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта еліне, туған жеріне үздіксіз қызмет етіп келе жатқан әр саланың қызметкерлері шақырылды. Атап айтсақ: Тасты ауылы бас маманы - Салтанат Ержанова, ауыл электригі - Қасымхан Жакин, ұлағатты ұстаз - Алмагүл Қалиева. Кездесу барысында қонақтар өз мамандықтарының қызығы мен қиыншылықтары туралы, еліміздің тәуелсіздік алғаннан бергі ел жағдайы жайында өнегелі әңгіме өрбітті. Өз кезегінде оқушылар Республика күніне арналған жыр жолдарын тарту етіп, әсем әнмен туған еліне деген патриоттық сезімдерін білдірді. Кездесу соңында қонақтарға гүл шоқтары тарту етіліп, мерекеге орай әдемі тілектер айтылды.

Жалпы,  былтырғы жылы «Амангелді арайы» газетіне латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі бойынша 7 мақала жарияланды.

2024 жылы тілдерді оқыту орталығына 15 691 000 теңге бөлінді. Қазақ тілі курсына жол картасы бойынша 50 адам курсқа, ал ағылшын тіліне 70 адам курсқа жазылу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, ағымдағы жылғы берілген қаражаттан бөлек, іс- шара:

  • 1-мамыр мерекесіне байланысты «Friendship of nationalities» ағылшын тілі тыңдаушылары арасында сайыс
  • Мемлекеттік қызметшілер арасында «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» аудандық байқауын
  • Үш тілді білетін жастар арасында «Тіл шеберлері» аудандық байқауын
  • Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, «Ана. Ару. Көктем» атты мерекелік кездесу кеші.
  • Қазақстан халықтарының «Тілдер күні» мерекесіне орай  «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін» концерттік бағдарлама
  • 25 қазан Республика күніне орай «Менің Отаным –Қазақстан» интеллектуалды сайыс
  • 15 қараша теңге күніне орай «Теңге- тәуелсіздік келбеті» интеллектуалды сайыс
  • 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік –теңдесі жоқ байлығым» мемлекеттік қызметшілер арасында интеллектуалды сайысстарға өткізуге 643000 теңге сұралды.
Дата публикации
29 января 2024