«Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйі» КММ 2023 жылғы жұмыс талдауы

Амангелді ауданы,   2023 жыл                                                

  2024 жылдың 01 қаңтарына қарасты  жағдай бойынша «Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйі» КММ мәдениет мекемелерінің желісі. 2023 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай бойынша Амангелді ауданындағы мәдениет мекемелерінің желісі өзгерген жоқ:клубтық          мекемелер - 11оның ішінде мемлекеттік -11Қ.Әбенов атындағы  аудандық  мәдениет үйі» КММ  келесі мәдениет үйлері мен клубтар қамтиды.

-  Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйі

- Амантоғай ауылдық мәдениет үйі

- Құмкешу ауылдық мәдениет үйі

- Есір ауылдық клубы

- Байғабыл ауылдық мәдениет үйі

- Қарасу ауылдық мәдениет үйі

- Үрпек ауылдық клубы

- Тасты ауылдық клубы

- Ақсай ауылдық клубы

- Үштоғай ауылдық клубы

- Қабырға ауылдық клубы

 

Апатты жағдайдағы ғимарат - 2

Күрделі жөндеуді қажет ететін - 3

Жылумен қамтылған  - 11 

 

Материалдық-техникалық база.

2023 жылға клубтық мәдени мекемелерді қаржыландыру көлемі 153520,6 мың теңгені құрады МТБ қаржыландыру сомасы: 58386,7 тг. Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйіне компьютерлік жабдықтар (компьютер, принтер), музыкалық инструменттер (қобыз, баян), сахналық жабдықтар, автобус (2 класс), кеңсе жабдықтар, видео – аппарат жиынтығы, цветной принтер, LED экран, сахнаға арналған жарық прожекторы, софтбокс, флешка.Кондиционер, люстра, компьютер, ноутбук, питличный микрофон, диктофон, радио питличный микрофон, орындықтар, қашықтан басқару пульті, цифровоймыкшерный пульті, прожектор, светильник, түйіршіктелген құрғақ мұз, кресло 3  шт, патрон, холодный фонтан, насос, счетчик, пылесос, тігін машинасы, электронды үтік, активный микшер, микроволновка, су сорғы, дөңгелек, май, аккумулятор, микростойка, стойка колонка, насос шар.     2022 – 2023 жылдың МТБ  

МТБ

2022

2023

Айырмашылығы

1100,0 мың теңге

 

58386,7 мың тг.

  Ремонт – 6081,0 тг Қ.Әбенов атындағы мәдениет .йінің ғимаратын ағымдағы жөндеу және бөлшектеу жұмыстары.Компьютерлендіру.Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінде   компьютер - 13 , принтер - 5 , сканер -1 , ксерокс-2 , модем-4. Автотранспорт. Автомобиль көлігі ZAZ CHANCE №405АС10,  (қанағаттанарлық жағдай) JAC SUNRAY №911BE10 (жақсы) Музыкалық құралдармен қамтамасыз ету - қол жетімді 

Сахналық костюмдермен қамтамасыз ету - қол жетімді.

Персонал құрамы«Қ.Әбенов атындағы  АМҮ»КММ барлығы  – 56,25 штаттық бірлік бар.

Нақты жұмыс істейтін -58 адам
Шығармашылық  қызметкерлер  -  23 адам

Жоғары білімді  -11 адам
Арнаулы орта білімді  -  12 адам

 

     Мекеме мамандарының біліктілігін арттыруға Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Көркемөнерпаздар халық шығармашылығының облыстық орталығы» КМҚК үлкен көмек көрсетеді. Бір жыл ішінде мәдени-демалыс орталығының мамандары әр түрлі бағытта облыстың, республиканың жетекші мамандары өткізген аймақтық семинарлар мен шеберлік сағаттарына қатысты.

Сонымен, есепті 2023 жыл ішінде әр түрлі жұмыс бағыттары бойынша семинарлар мен шеберлік сағаттарында мәдениет үйі 1 маманы 1 сертификат алды:

 

«Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен   

кинобейнеқор орталығы           

  1. «Разбуди свой голос» шығармашылық әлеуетті ашу мәні, іс-шара тұжырымдамасын әзірлеу және сценарий жоспарын құру тәжірибесі бойынша шеберлік сағаты

 

Семинар – кеңесте сертификат алған:

-Қылдыбаев О.Ж.

 

 

 

 

 

Халықтың бос уақытын ұйымдастыру

 

 Клуб мекемелерінің басты міндеті - халықтың бос уақытын ұйымдастыру. Амангелді ауданының мәдени мекемелері халықтың барлық санаттарына мәдени бос уақытын ұйымдастыру, оларды көркемөнерпаздар үйірмелеріне, қызығушылық клубтарына тарту бойынша жұмысты белсенді жалғастыруда.

2023 жыл кезеңінде 200 мәдени іс-шара өткізілді, оның ішінде тұрақты режимде өткізілген іс-шаралар - 155 және онлайн режимінде - 45, Аудан  аумағында өткізілген іс-шаралар көрермендерін қамту 2023 жылы 42495 адамды құрады ( тұрақты режимде - 27183 адам және желіде - 15512 қаралу).

Клубтық құрылымдар саны - 58, қатысушылар саны 942 адам. Аудандық, ауылдық 34  балалар тобы жұмыс істейді, онда 632 адам бос уақыттарын өткізіп, шығармашылық қабілеттерін дамытады.

 

Ауданда «Халықтық» құрметті атағына ие болған 3 ұжым бар:

  1. М.Қапышев атындағы халық театры,
  2. Ұлт-аспаптар халықтық оркестрі,
  3. "Әуен" халықтық ұлт-аспаптар ансамблі.

 

2023 жылы Биыл ауданымыз үшін елеулі жылдардың бірі. Себебі  1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың сардары, халық батыры Амангелді Үдербайұлы Имановтың 150 жылдығы, ауданымыздың 95 жылдығы. Сонымен қатар, күй атасы Құрманғазының – 200 жылдығы, Қазақстан Республикасының халық әртісі Әнуар Боранбаевтың – 75 жылдығы, Тобыл – Торғай өңірінің қос тарланы әнші – композитор Қалибек Деріпсалдин мен журналист Хамитбек Мұсабаевтың 70 жылдығы, айтыс ақыны Құтжан Қанжығалиннің 120 жылдық мерейтойлары.  Демек, кәсіпорынның жылдық жоспары мемлекеттік және ұлттық мерекелерден басқа, осы айтулы даталар шеңберінде бірқатар іс-шараларды қамтыды, ал ауданның клуб мекемелерінің мамандары оны жүзеге асыруда белсенді жұмыс істеді.

 

Аудан тұрғындары үшін ең маңыздылары:

 

«Ақ желкен - 2023» аудандық байқауы. ҚР «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгі иегері Мизамбаева Лиза Таутанқызының өміршең жобаларының бірегейі, шоқтығы биік байқауы. Жиырма жыл бойы ауданымыздың өнерлі

Өнерпаздарын үлкен сахнаға шығарар баспалдағы. Байқауда аудан, ауыл мектептерінен 38 өнерлі үміткер бақ сынады. Қазылар алқасының  шешімімен байқаудың жеңімпазы Үрпек ауылының жеңімпазы Балахмет Жанбек атанды.

 

Аудандық мәдениет үйінде Амангелді ауданының құрылғанына 95 жылдығына арналған «Әнім саған, туған жер!» атты концерттік бағдарлама өтті.

 

 

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Ана деген тіршіліктің тірегі» атты мерекелік концерт өтті.

                                                                                                    

Амангелді ауданының «Жастар саябағында» «Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем!» - атты мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары мен аудан мектептері ұжымы дайындаған сахналық қойылымдарын көрермен назарына ұсынылды. Жиналған қауымға шашу шашылып, Қыдыр Ата бата беріп, наурыз көжеден дәм татылды.

 

27 наурыз Халықаралық Театр күні және 1-сәуір күлкі күніне М.Қапышев атындағы халық театры дайындаған ҚР халық әртісі Ә.Боранбаевтың 75 жылдығына орайластырылған мектеп оқушылар арасындағы сахналық көріністер байқауы өтті. Байқау жеңімпазы Қарасу ауылы, Жасбуын жалпы білім беретін мектептің оқушылары жүлделі 1 орын иеленді. Көрерменнің ыстық қошеметіне бөленді.

 

«Жастар» саябағында 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Бейбіт күн жасасын әлемде» атты  концерттік бағдарламаға аудан өнерпаздарымен бірге Рейзвих Андрей Какарович  Ресейдің мурманск қаласының тұрғыны, жерлесіміз әкесі Жүнісов Кахар Кенжеғалиұлының 100 жылдығына Астана қаласынана өнер жұлдыздарын шақырып, концерт ұйымдастырды.

Сазгер  -музыкант Ж.Темиров, «ART Домбыра» тобы, Астана Опера «Royal» квартеті, ҚР Президент оркестрінің солисті т.б. өнер көрсетті.

 

15 мамыр – Халықаралық Отбасы күніне орай мәдениет үйінде «Отбасым – бақыт мекені» атты өнерлі жанұялардың  қатысуымен концерт өтті.

 

1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орайластырылған және «Түйме қыз - 2023» байқауы өтті. Бүлдіршіндердің аудандық байқауына  аудан, ауыл балабақшаларынан 12 бүлдіршін бақ сынады. «Түйме қыз - 2023» атағын «Қаламқас» балабақшасының 4 жасар бүлдіршіні Сезім Дастанқызы иеленді.

 

18 маусым – Әкелер күніне байланысты «Жастар» саябағында «Әке жолы – ізгі жол» атты іс-шара ұйымдастырылды.

 

30 маусым «Жастар» саябағында Ұлттық Домбыра күніне, Құрманғазы Сағырбайұлының 205 жылдығына орай және Ұлттық музыка аспаптарын жасаушы шебер Ораз Мұқанұлы Қожасовтың жүлдесіне арналған «Қаситті, киелі – қазақтың қара домбырасы» атты күй ойнаудан аймақтық байқау өтті. Байқау қорытындысы бойынша Үрпек ауылынан келген Асқар Әлімжан бас жүлдені иеленді.

 

Қазақстан Республикасы халықтарының халық шығармашылығы және мәдени мұрасы ылына арналған XXXVI – шы «Өнеріміз саған, Қазақстан» - атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау – фестивалі өтті.

 

«Рухани жаңғыру» мен «Мәдени мұра» бағдарламалары аясында орайластырылған «Менің әжемнің ертегілері» жобасы жалғасуда.

 

3 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде айтыс ақыны, әнші-сазгер Құтжан Қанжығалиннің 120 жылдығына арналған «Өнердің дарабозы – Құтжан ақын» атты аймақтық ақындар айтысы өтті, «Әрі ақын, әрі әнші жүйрік Құтжан...» атты Құтжан Қанжығалиннің  өмірінен ғылыми-конференция өтті, және «Құтты жырдың - Құтжаны» атты ақын өмірінен фото көрме таныстырылды. Сайысқа Тобыл – Торғай өңіріне танымал, додалы бәйгеде жеңімпаз, жүлдегер атанған ақындар қатысып, бақ сынасты.

Бас жүлдені Астана қаласынан келген Тоба Өтепбаев иеленді.

 

Халықаралық жастар күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 

Амангелді Үдербайұлы Имановтың 150 жылдығы, Амангелді ауданының 95 жылдығы мерейтойы өтті.

Мәдени-спорттық көпшілік шаралар ұйымдастырылды.

  • «Амангелді ердің ері» атты ақындар айтысы
  • Ұлттық ойындар (көкпар, аудараспақ, қыз қуу)
  • Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай «Қостанай велоқауымдастығы» ҚБ бастамасымен велошеру ұйымдастыру
  • І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры және М.Қапышев атындағы халық театрының әртістерінің орындауында Ә.Әбілтаевтың «Қаһарлы 16 жыл» драмасын сахналады
  • «Амангелді дүбірі» атты батырдың мерейтойына ұлт-аспаптары оркестірі және аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасы
  • Республикалық деңгейде спорттық ойындар өткізу (Футбол ойыны, суға жүзу)
  • «Батырдың биік тұлғасы» атты ғылыми конференция
  • «Амангелді ердің ері» атты ақындар айтысы
  • Түйепалуан күресі
  • Ат бәйгесі (Аламан бәйге) Тоқ бәйге

«Ата заң – алтын тұғырым» - атты 30 тамыз ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

 

Тасты ауылында бой көтерген әмбебап спорт алаңының ашылу салтанаты өтті.

 

Амангелді Үдербайұлы Имановтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында  белгілі айтыскер ақын Ізтелеуов Балтасар Тұрысбекұлының сөзіне, сазгер Шегенбаев Русланның әніне жазылған «Көзмерген» атты әнінің CD таспасы жарыққа шықты.

 

 

 

1 қазан Қарттар күніне арналған «Қарттарым, аман-сау жүрсін» - атты мерекелік концерт өтті. Мерекелік концерт Халық батыры  Амангелді Иманов туралы түсірілген «Бас сардар» фильмі көрсетіліп, аудан өнерпаздарының концертімен жалғасты.

 

1 қазан – Халықаралық Музыка күніне орай, белгілі композитор Қ.Деріпсалдиннің сөзі С.Оспанов жазған «Есір көпір» әніне бейнебаян түсірілді. Бұл ән осыдан қырық жылға жуық бұрын, Есір көпірі салынғанда жазылып, халыққа кеңінен тарап, ел аузында бүгінге дейін айтылып жүрген өміршең әннің бірегейі.  Қос дарын иелерінің туған жерге деген махаббатқа толы әнін орындаған Тобыл – торғай өңіріне танымал әнші Жазылбек Сейтқалиев.

 

7 қазан күні Қабырға ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне қойылған ескерткіш тақтаның ашылуы өтті.

 

10 қазан – Қазақстан кәсіподақтар қарсаңында аудандық мәдениет үйінде «Еңбек – түбі береке» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

 

Құтқарушылар күніне арналған концерттік бағдарлама өтті.

 

25 қазан – Республика күні қарсаңында Қарасу ауылында су құбыры іске қосылуына орай, ашылу салтанаты өтті.

 

«Жақыныңа жылы жүректен» атты өмірге құштар, қазақтың қара көз қызы Қадыр Гүлжанат Мақанқызына арналған қайырымдылық концерт өтті.

 

Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім, ұлы өлкем» - атты салтанатты жиын өтті. «Тарихи тағылымы» атты тарихи көрініспен бастау алған жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.

 

15 қараша – ұлттық теңге күніне арналған «Теңге – ұлттық құндылық» атты салтанатты жиын өтті.

 

Азамат Құрманбекұлының «Мен сені сүйем өмір» атты қайырымдылық кеші өтті.

 

Халықаралық Би күніне орайластырылған «Сиқырлы би әлемі» атты бишілердің аудандық байқауы өтті.

 

27 қараша – 1 желтоқсан күндері 16 номинация бойынша Астана қаласында «Рухани қазына - 2023» республикалық байқауы өтті. «Үздік ауылдық клуб» номинациясы бойынша Үрпек ауылдық клуб әдіскері Жұмағамбетова Айгүл бақ сынап, осы аталмыш номинация бойынша жеңімпаз атанды.

 

 

 

 

«Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» мерекесіне орай «Еңбек – елдің берекесі» атты концерттік бағдарлама өтті.

 

Жаңа 2024 Ұлу жылын қарсы алуға арналған «Жарқырай бер, Жаңа жыл» атты думанды кеші өтті.

 

ҚР халықтарының халық шығармашылығына және «Мәдени мұрасы» жылына арналған XXXVI-шы «Өнеріміз саған, Қазақстан» - атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалінің аудандық байқауының гала концерті өтті. Аудан мәдениеті мен өнеріне қосқан үлесі үшін ауыл өнерпаздарын аудан әкімінің дипломымен марапаттады.Ауыл өнерпаздарының қатысуына ықпал жасағаны үшін ауыл әкімдері аудан

әкімінің алғыс хатыме марапатталды.  Фестивальдің қорытындысы бойынша  ауыл өнерпаздарына диплом және ақшалай сыйлық табыс етілді.

 

Бас жүлде – Үрпек ауылы

1-орын – Ақсай ауылы

1-орын – Үштоғай ауылы

2-орын – Байғабыл ауылы

2-орын – Қарасу ауылы

3-орын – Құмкешу ауылы

3-орын – Амантоғай ауылы

Мерекелік кеш ауыл өнерпаздарының концертімен жалғасын тапты.

 

Облыс әкімінің бағдарламасы бойынша, KPI жоспарын елді мекендерді аралау бойынша жүзеге асырылды.

KPI бағдарламасы бойынша Амангелді Имановтың 150 жылдығы мен Амангелді ауданының 95 жылдығы қарсаңында Амангелді  ауданының өнерпаздары «Ел іші – өнер кеніші» - атты  концерттік бағдарламамен Арқалық қаласы, Әулиекөл ауданы, Жангелді ауданы, Науырзым аудандарына барып өнер көрсетті.

 

Карантинге байланысты, Мәдени-демалыс орталығы есепті-2023 жылындағы іс-шаралардың көп бөлігі онлайн және оффлайн режимінде жүзеге асырылды және Instagram-дағы @culture_amangeldy аккаунт парағында көрініс тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

Инстаграмдағы @culture_amangeldy аккаунтында көптеген қаралымдар мен оң пікірлер болды.

         

Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйі  2020-2024 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында халықтың, атап айтқанда жастардың белсенді азаматтық позициясын қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастыруда. Әртүрлі ұлттық мәдениеттерді сақтау, дамыту бірлігі, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін қалыптастыру да белсенді түрде алға тартылады. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде есепті кезеңде мекеме мамандары іс-шараларды онлайн және оффлайн режимінде жүзеге асырды.    Нашақорлыққа қарсы  іс-шаралар мен мәселелерін дөңгелек столда аудан жастарымен  талқылау, «Болашаққа сенім» атты акция тоқсан сайын мектеп оқушылары мен орталық аурухана қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылып отырады. Сонымен қатар

аудан жастарына би кештері ұйымдастырылып, «Жаңа ғасыр адамы- дені сау, рухы мықты азамат» атты акция жүйелі түрде жүргізіледі.

 

Мекеме жыл сайын өзінің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушыларының жаңа жетістіктерімен танымал. Бүгінгі күні ұжымдардың облыстан тыс жерлерге шығу мүмкіндігі болмаса да, олар қашықтық фестивальдар мен жарыстарға қатысады. Бүгін біз лайықты нәтижелермен мақтана аламыз.

 

Халықаралық «GULNAR FEST» байқауында аспаптық өнері бойынша Мақсұтова Ұлжан

3 орын иеленді.

 

Халықаралық «GULNAR FEST» байқауында аспаптық өнері бойынша Мұхтар Алихан

3 орын иеленді.

 

Халықаралық би конкурсынан «DANCE LEGACY» «Айжұлдыз» би тобы ІІ дәрежелі лауреат атанды.

 

Халықаралық «FANTASTIC TALENT» фестиваль- конкурсынан «Айжұлдыз» би тобы Бас жүлде иеленді.

Халықаралық «Про движение» атты конкурстан «Айжұлдыз» би тобы 1 орын иеленді.

 

Халықаралық «Про движение» атты конкурстан «Сымбат» бишілер тобы 1 орын иеленді.

 

VIII Халықаралық балалар, жасөспірімдер мен жастарға  арналған «Живи танцуя» конкурсынан Коныспай Жансая 1 орын иеленді.

 

 

Республикалық М.Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағали мұрасы» атты  байқаудан Елубай Сабина 1 орын иеленді.

Республикалық М.Мақатаевтың туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұқағали мұрасы» атты  байқаудан Балғабай Раяна 1 орын иеленді.

 

Республикалық «Таланттар сыр шертеді» атты балалар мен жастар шығармашлық  байқауында «Эстрадалық вокал» жанры бойынша Мұхамбетжанова Айзере 2 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Республикалық «Таланттар сыр шертеді» атты балалар мен жастар шығармашлық  байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша «Үкілі ару» қобызшылар ансамблі 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Республикалық «Таланттар сыр шертеді» атты балалар мен жастар шығармашлық  байқауында «Аспапта ойнау» жанры бойынша Есенаман Нұрайым 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Облыстық «Армандастар» шығармашлық балалар фестивалінде театр өнері бойынша «Бәйшешек» ұжымы  Бас жүлде иеленді.

Облыстық «Армандастар» шығармашлық балалар фестивалінде би өнері бойынша «Гүлдер-ай» би тобы Бас жүлде иеленді.

 

Облыста өткен XX Халықаралық «Алтын микрофон -2023» әншілер байқауында Бейсен Гүлназ 1 орын иеленді.

 

Облыста өткен XX Халықаралық «Алтын микрофон -2023» әншілер байқауында Аяулым Жұмаш 2 орын иеленді.

 

Кәсіби қобыз өнерінің негізін қалаушы, ұлағатты ұстаз, қобызшы Фатима Балғабаеваның 90 жылдығына арналған облыстық Қобызшылар байқауында Жақыпбекова Жанайым 2 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Кәсіби қобыз өнерінің негізін қалаушы, ұлағатты ұстаз, қобызшы Фатима Балғабаеваның 90 жылдығына арналған облыстық Қобызшылар байқауында Әділханова Асыл  1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Кәсіби қобыз өнерінің негізін қалаушы, ұлағатты ұстаз, қобызшы Фатима Балғабаеваның 90 жылдығына арналған облыстық Қобызшылар байқауында Біләл Кәусар 1 дәрежелі Дипломмен марапатталды.

 

Облыстық «Ыбырай оқулары» байқауында мәнерлеп оқудан Сапарбеков Ғибрат 2 орын иеленді.

 

 

 

 

 

«Тобыл толқыны» Қ.Деріпсалдин, А. Әмірханов, Н.Молдахметов атындағы қалалық ашық конкурс-фестивалінде «Вокал жанры» бойынша Қабақова Кенжегүл 2 орын иеленді.

 

 

Барлығы 2023 жыл кезеңінде Амангелді  ауданының  жеке орындаушылары фестивальдер мен байқауларға қатысты: 7 халықаралық, 5 республикалық, 9 облыстық.  Жарыстардың қорытындысы бойынша жүлделі орындардың жалпы саны 22 болды

 

 

2021-2023 жылдар аралығында

Халықаралық, Республикалық, облыстық және аудандық

 фестивальдер мен байқауларға

қатысу нәтижелері бойынша

жетістіктердің салыстырмалы кестесі

 

Жыл

2021

2022

2023

Жүлделер саны

 

40

 

24

 

21

 

 

 

Концерттік іс-шаралардан басқа шығармашылық топтар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен белсенді ынтымақтастықта болды, өйткені бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу клуб қызметінде үлкен рөл атқарады. Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйі облыстық «Қостанай таңы»,  «Амангелді арайы» аймақтық қоғамдық-ағартушылық газетімен ынтымақтастықты жалғастырды, ол үнемі ауданда өткізілетін іс-шаралар туралы әр түрлі

мақалалар туралы хабарландырулар, мекеме мамандары мен көркемөнерпаздар ұжымдары туралы жазбаларды жариялайды.

 

 

Амангелді ауданының мәдени мекемелерінің проблемалары:

Қазіргі танда Аудандық мәдениет үйі хореограф, қобызшы, баянист, режиссер  мамандарына зәру. Өнерлі жастарға,үлкен  сахнаға шығуға  ықпал жасайтын байқаулар, ұлтық құндылығымызды ұлықтайтын, тәрбиелік мәні бар сайыстар ұйымдастыруды  ұсынамыз! Ауыл клубтары күрделі жөндеуге, кәсіби мамандарға,дыбыс,сазаспаптарға, компьютерге мұқтаж.

 

 

 

 

 

 

 

 

2024 жылға арналған перспективалар, мақсаттар мен міндеттер:

        

Міндеттері:

- халықтың мәдени қажеттіліктері мен рухани қажеттіліктерін қалыптастыру мен қанағаттандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

- дәстүрлі халық мәдениеттерін қайта жаңғырту.

Міндеттер:

- барлық жас және әлеуметтік санаттар үшін бос уақытты ұйымдастыруды және өткізуді жалғастыру;

- көркемөнерпаздардың шығармашылығын дамыту;

- халық мәдениетін жандандыру және дамыту;

- жас ұрпақтың патриоттық сезімдерін тәрбиелеу;

- рухани, отбасылық құндылықтарды нығайтуға;

- салауатты өмір салтын насихаттау;

- жұмыстың инновациялық формалары мен әдістерін дамыту;

- ауылдық мәдени мекемелерде мәдени-бос уақытты өткізу деңгейін көтеру;

- халықтың барлық жас санаттары үшін клубтық формацияларды дамыту;

- мүгедектерді клубтық құрамға тарту;

- үйірме жұмысы желісі арқылы балалар, жасөспірімдер мен жастарға эстетикалық және шығармашылық білім беруге ықпал ету;

- іс-шаралардың сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру;

- Қазақстан Республикасының 2024 жылғы мерейтойлық даталары шеңберінде жұмысты жалғастыру.

 

       

 

 

 

            Директор:                                                            О.Ж.Қылдыбаев

 

 

 

 

Орын.: Мизамбаева Л

 Тел.:21-2.08

 E-mail: rdk-amangeldy@mail.ru

Дата публикации
29 января 2024