Амангелді ауданының 2024-2026 жылдарға арналған Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба

2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2024-2026 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.

«Қостанай облысының 2024 – 2026 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №95 шешіміне сәйкес облыстық бюджеттен аудандық бюджетке берілетін бюджеттік субвенциялардың көлемі 2024 жылға 609 млн. 292 мың теңге сомасында белгіленді.

Аудан бюджетіне кірістер 4 227 507,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:

Салықтық түсімдер – 819 927,0 мың теңге;

Салықтық емес түсiмдер – 46 758,0 мың теңге;

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100,0 мың теңге;

Трансферттердің түсімдері – 3 360 722,0 мың теңге;

Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 21 168,0 мың теңге;

Қарыздардың түсімдері – 71 994,0 мың теңге;

 

Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:

- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 666 837,0 мың теңге.

- Қорғаныс. 25 698,0 мың теңге.

- Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру. 186 139,0 мың теңге.

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 58 407,0 мың теңге

- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. 393 300,0 мың теңге.

- Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану. 197 125,0 мың теңге.

- Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары. 67 823,0 мың теңге.

- Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі. 47 982,0 мың теңге

- Көлiк және коммуникация. 1 577 221,0 мың теңге.

- Басқалар. 539 893,0 мың теңге.

- Борышқа қызмет көрсету. 20 993,0 мың теңге.

- Трансферттер. 393 589,0 мың теңге.

Дата публикации
22 декабря 2023