2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджеттің жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Бюджет кодексіне сәйкес, 2024-2026 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлерінің және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларының негізінде жүзеге асырылады.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2024 – 2026 жылдарға бюджетіне кірістер 608 118,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 60 730,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 884,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 546 404,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 0,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 0,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша жоспарланып отыр:
- Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер. 291 936,0 мың теңге.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық. 173 919,0 мың теңге.
- Көлiк және коммуникация. 52 300,0 мың теңге.
- Басқалар. 89 963,0 мың теңге.