«Амангелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №147 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2023 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне түсімдер 3 692 183,5 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 796 101,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 39 289,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 2 008,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 2 854 785,5 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 445,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 31 050,0 мың теңге;
Шығындар – 3 665 344,1 мың теңге
Кірістер бойынша 2023 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер жоқ.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі бағыттарға жоспарланып отыр:
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. Ағымдағы шығыстарға 2 378,4 мың теңге.