Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешімімен бекітілді.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау 2023 жылғы желтоқсанда жоспарланып отыр.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023 – 2025 жылдарға бюджетіне кірістер 998 094,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 29 261,3 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 1 009,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 557,3 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 967 266,4 мың теңге;
Шығындар – 1 005 707,6 мың теңге
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 0,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 0,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр.
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеуге 719,4 мың теңге бағыттау жоспарлануда.