«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Амангелді ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 11 мамырдағы № 93 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Амангелді ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Амангелді ауданы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2021 жылғы 11 мамырдағы № 93 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасында 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«2. Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандардың лауазымдары:

1) аудандық Мансап орталығының басшысы;

2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

3) Мансап орталығының құрылымдық бөлімшесінің маманы;

4) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

5) психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер.».

  1. «Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Амангелді ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
16 ноября 2023