Амангелді ауданы әкімі аппаратының кадрлар бөлімі туралы
ЕРЕЖЕ
құқықтары және міндеттері
1) мемлекеттiк органда мемлекеттік қызмет және еңбек қатынастары саласындағы заңнамалардың орындалуын үйлестіреді;
2) мемлекеттік органдағы кадр қажеттілігіне ағымдағы және келешекті жоспарлауды енгізе отырып, оның персоналды басқару стратегиясын әзірлейді және оны іске асырады;
3) мемлекеттік органның кадрлық құрамын қалыптастырады, персоналдың кәсіби дамуын және мемлекеттік қызметті сапалы өткеруін қамтамасыз етеді;
4) аудандық деңгейде кадрлық жұмысты басқарудың құрылымын оңтайландырады;
5) мемлекеттік органдардағы кадрлық қызметтерінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшелерімен әрекет ету жүйесін жетілдіреді;
6) қызметкерлердің алдына корпоративтік мәдениетті қалыптастыады және мемлекеттік органда әлеуметтік психологиялық еңбек ахуалын дамытады.
Функциялары:
1) мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына мониторинг жүргізу, мемлекеттік қызметшілердің оқуын, қайта даярлау және біліктілігін көтеру курстарынан өтуін ұйымдастырады;
2) мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің қызметінің тиімділігін бағалауға бақылау жүргізу, нәтижелерін жинақтау және талдау жасайды;
3) мемлекеттік органдарда мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға арналған біліктілік талаптарын дайындау және уәкілетті органмен келістіру және бекіту;
4) мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу, еңбек кітапшаларына тиісті жазбалар енгізеді;
5) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңда белгiленген шектеулердi қабылдауы туралы келiсiмін жазбаша нысанда белгiлейдi (өзiне қабылдаған шектеулердi бұзған жағдайда құқықтық салдарлар туралы хабардар етедi);
6) мемлекеттiк қызметшiлерге олардың құқықтық жағдайының мәселелерi жөнiнде ақыл-кеңес бередi, мемлекеттiк қызметте болумен байланысты шектеулердiң сақталуын бақылайды;
7) мемлекеттік органда бос әкімшілік орындарға конкурс жариялайды;
8) бірыңғай конкурстық комиссия жұмысын ұйымдастырады және оның шешімі бойынша тиісті меммлекеттік органдарға ұсыныс енгізеді;
9) мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру тәртібімен тағайындауға құжаттар дайындайды және оларды келісуге уәкілетті органға жолдайды;
10) аттестациялауға жататын мемлекеттік қызметшілерді анықтайды, бірыңғай аттестациялық комиссия жұмысын ұйымдастырады және оның шешімі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізеді;
11) мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілер туралы мәліметтердің бірыңғай базасын қалыптастырады;
12) уәкілетті органға ұсыну үшін есептер мен басқа да ақпараттарды дайындайды;
13) мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тартуда қызметтік тексеру жүргізеді, бірыңғай тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастырады және қаралған тәртіптік істер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізеді;
14) мемлекеттік органда дайындалатын лауазымдық нұсқаулықтарды келіседі;
15) Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, аудан әкімі мен әкімдігінің актілері қарастырған өзге де функцияларды жүзеге асырады;
16) уәкiлеттi органға ұсыну үшiн бос лауазымдар тiзiмiн, бос лауазымдарды толтыру жөнiнде өтiнiмдер және өзге де қажеттi ақпараттар дайындайды.
1) өзінің құзыретінің шегінде мәселелер қарауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға қатынасады, олардың орындалуын тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардан талап етеді;
2) лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды, сондай-ақ басшылардың тапсырмаларын орындауды кешіктіру себептері туралы түсініктемені белгіленген тәртіппен сұратады және алады;
3) қолданыстағы заңнамаға және оларға сәйкес қабылданған аудан әкімі аппаратының ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтайды.
1) бөлім қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін анықтайды;
2) бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;
3) аудан әкімі аппаратының басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
4) Бөлімнің қызметкерлеріне көтермелеу және жаза қолдану туралы ұсыныс енгізеді;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктеті жүзеге асырады.
____________________________