Амангелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған
нақтыланатын Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
«Амангелді ауданының 2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджеті туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 27 желтоқсандағы №147 шешімімен бекітілді.
Аудандық бюджетті нақтылау 2023 жылғы қыркүйекте жоспарланып отыр.
Аудан бюджетіне түсімдер 3 728 692,1 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 805 828,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 30 070,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 500,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 2 891 294,1 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 19 445,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 31 050,0 мың теңге;
Шығындар – 3 701 852,7 мың теңге
Кірістер бойынша 2023 жылғы жоспардың жалпы көлемінде өзгерістер жоқ.
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі бағыттарға жоспарланып отыр:
- Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк. Мәдени іс-шараларға, ғимараттарға техникалық сараптама жүргізуге, ағымдағы шығыстарға 5 316,5,0 мың теңге.
- Көлiк және коммуникация. Жол жөндеу объектлеріне ведомстволық сараптама жасатуға – 1 420,0 мың теңге.