Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023 – 2025 жылдарға арналған
Азаматтық бюджетіне түсіндірме жазба
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттері туралы» Амангелді аудандық мәслихатының шешімі аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №148 шешімімен бекітілді.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау 2023 жылғы маусымда жоспарланып отыр.
Амангелді ауданы ауылының, ауылдық округтерінің 2023 – 2025 жылдарға бюджетіне кірістер 998 047,0 мың теңге көлемінде жоспарланып отыр, оның ішінде:
Салықтық түсімдер – 29 080,0 мың теңге;
Салықтық емес түсiмдер – 841,0 мың теңге;
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100,0 мың теңге;
Трансферттердің түсімдері – 968 026,0 мың теңге;
Бюджеттiк кредиттердi өтеу – 0,0 мың теңге;
Қарыздардың түсімдері – 0,0 мың теңге;
Шығыстардың функционалдық топтары бойынша келесі өзгерістер жоспарланып отыр.
Ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағытында автомобиль жолдарын орташа жөндеу мақсатында 899,0 мың теңге бағыттау жоспарлануда.